Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әл-Фараби 1150 жыл

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_5_5-2020_8.jpgҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен, күллі түркі жұртының мақтанышы атанған, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады. Шығыстың ғұлама , әмбебап ғалым Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келген (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала).


Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал, оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат» деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
Тобыл кенті орталық кітапханасында Шығыстың сөнбес жұлдызы - Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ақыл - бұл таза мүмкіндік» атты іс-шара өтті. Бұл танымдылық іс-шараға Тобыл орта мектебінің оқушылары қатысып, күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтпаған Әл-Фарабидің еңбектерімен, рухани ғылыми мұрасымен сусындады. Ауданымыздың ақыны Мамай Ізтилеу қатысып, өшпес із қалдырған, аты аңызға айналған бабамыздың еңбектеріне тоқталып өтті.
Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиді Сарайына арнайы шақырып, мынандай сауал қояды: – Уа, Екінші ұстаз, менің мемлекетімнің болашағы қандай күйде болмақ? Болжауыңды естігім келеді, − дейді.
Сонда әл-Фараби: – Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонансоң айтып берейін, − деген екен. -Олай болса, адамзат қоғамындағы шешуші ең басты күш-ақыл- парасат деп танылған орта ғасырдағы бабаларымыздың ғылыми-мәдени мұраларын, олардың тарихын біліп тану жастарға өте маңызды.Танымдылық кеш соңында кітапханашылар өздері ұйымдастырған «Әл-Фараби және оның рухани мұрасы» атты кітап көрмесін қатысушыларға кеңінен таныстырды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане