Халыққа қызмет онлайн арқылы көрсетіледі

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.


Енді қандай да бір қызметті алу үшін ХҚКО-ға келудің қажеті жоқ. ТЖ режимін енгізуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталығы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Бұл адамдардың көп шоғырлануын азайтуға көмектеседі. Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ, қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. ХҚО-ның ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен қызметкерлері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане