Сынақ туралы соңғы жаңалықтар

Биылғы оқу жылында қашықтан оқыту жүйесіне сәйкес 9, 11 сыныптарда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.


Жалпы, ҰБТ маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында тестілеу өткізу пуктінде өтеді. Қазіргі таңда аудан мектептері бойынша биылғы жылы 97 түлек бітіріп, оның 48-і Ұлттық Бірыңғай тестілеуіне өтініш берген. Бір ерекшелігі, биыл ҰБТ-ға қатысушылардың арақашықтығы кем дегенде 2 метр болуы тиіс. Дәрісханаларға жіберілетін адамдар саны 40-тан аспауы шарт. Ұлттық тестілеу орталығы облыстық филиалының директоры Нұргелді Хасенов «Anticor.LIVE» арнасының тікелей эфирі арқылы ҰБТ-ға қатысты тың мәліметтермен бөлісті.
- Егер тест тапсыруға өтініш беріп үлгермегендер болса, 55-84-55 телефоны арқылы әлі де болса өтініш беруге болатынын, не болмайтынын біліп алуға болады. Біз әр адамның мәселесін жеке қарап, оң шешім қабылдауға тырысамыз.Тест материалдарын үлестіру барысында оқушыға жауап парақшасының көшірмесі қоса берілетін болады. Тест тапсыру барысында даулы сұрақтар кездесіп қалса, оқушы оны осы парақшаға белгілеп отыру тиіс», - деді филиал басшысы.
- Тест тапсыру барысын белгілі қоғам белсенділері мен арнайы мониторингтік топтың мүшелері бақылайтын болады. Бұл барлық оқушыға жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тең мүмкіндік беру мақсатында жасалып отыр. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен ұсталған түлек тестілеуге жіберілмейді және биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылады. Яғни, ұялы телефон, шпаркалка немесе басқа да заттармен ұсталған түлектердің жұмыстары толығымен жойылады. Бұл жылы алдыңғы жылдардағыдай ескерту жұмыстары жүргізілмейді. Түлектердің «құлақтарына алтын сырға» тек қана өз білімдеріңізге сенулеріңізді сұраймын. Тыйым салынған заттарға сеніп барып, 11-жылдық білімдеріңзді бір сәтте жойып алудан сақ болсаңыздар деймін,- дейді білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева.
Тестілеу аяқталған соң дұрыс жауаптардың коды ақпараттық тақтаға ілінеді. Түлек осы тақта арқылы өз жауабының дұрыс-бұрыстығын салыстыра алады. Биыл тест тапсырушыларға қойылатын талап та қатая түскен. Мәселен, филиал директорының айтуынша, дәрісханаға жасырып ұялы телефон алып өтпек болып, ұсталып қалған түлек сол жерде тест тапсырушылар тізімінен шығарылады. Мұндай оқушы бір жыл бойы ҰБТ-ға қатысу құқынан айырылады. Жалпы, осы жылы болатын емтихандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жіті қадағалауымен өтеді. Сынақ тапсырушы түлектерде міндетті түрде тұмша болуы керек. Мүмкін, жаңа өзгерістерге байланысты қолғап та кигізілуі мүмкін.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане