Абай мұрасы -ұлттық өнеге мен мол тағылым

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_32_32-2020_1.jpgҰлт руханиятының темірқазығына айналған Абайдың 175 жылдығы аясында «Абай күні» деген атаулы датаның белгіленуі біз үшін қуанышты жаңалық болды.
Ұлы Абайдың бай музыкалық мұрасында ұлттық өнеге мен мол тағылым жатыр. Сондай-ақ, поэтикалық және композиторлық туындыларымен қазақ музыкасына жаңа леп әкелген Абайдың ән мұрасы ерекше сұлулығымен, көркемдік байлығымен, әуезділігімен құнды. Абайдың шығармашылығына Тобыл кенті «Думан» МҮ көркемөнерпаздары да атсалысып, онлайн форматында өткен іс-шарада Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.
Бұл іс-шараға қатысу барысында Айгерім және Темирлан Ткачтарды ерекше айтып өтуге болады. Тобыл тұрғыны Тобыл орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Калиқызы Хасенова украин балаларын өз қамқорлығына алған. Қазір қазақша үйретіп, Абай атамыздың өлеңдерімен сусындатып жатыр. Ұлы Темирлан Абайдың 30 өлеңін, қызы Айгерім 25 өлеңін жатқа біледі. Бірнеше сайыстарға қатысып жүлделі орын алған балаларын Гүлнар Калиқызы мақтан тұтады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане