- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 29.10.2020 06:37
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 594
27-ші қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел кеңесі өткен болатын.
Аталмыш кеңестің төрағасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Д. Ю. Жданов кеңес басын өзінің баяндамасымен бастады.
Күн тәрбінде талқыланған мәселелер 2020 жылдың 9 айындағы "Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі" Тобыл кентінің №17 ПП қызметтік жұмысының нәтижелері, сонымен қатар, аудандық №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметтік жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, 2020 жылдың 9 айында азаматтық қорғау органдарындағы заңдылықтың, тәртіптің жай-күйі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың мән-жәйі түсіндірілді. Дөңгелек үстел барысында суға шомылу қорытындысы және де өрт қауіпі кезеңі де ашық талқыланды.