Мейірімге толы жүрегіңіз үшін рахмет!

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_45_45-2020_2.jpgҚамқоршыларға күн сайын гүл сыйлауға болады. Олардың ата-ана қамқорлығының жылуы мен сүйіспеншілігінсіз қалған бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі қосқан үлесі үшін, баға жетпес еңбегі үшін мың алғыс.


Жақында Қазақстанда Қамқоршы күні атап өтілді. Бұл ерекше мереке, ауыр жүкті арқалған жандардың еңбегін ескеріп, құттықтау үшін арналған күн.
Біздің Валерьянов негізгі мектебі Қамқоршы күнін мерекелеу аясында Дина Мұхтарқызы Тоқмұхамбетованы құттықтады. Көпбалалы ана бола отырып, шексіз мейірім мен махаббатының арқасында ол ана алақанының жылуынан біржола айырылған немерелерін тәрбиесіне алды. Дина Мұхтарқызы мектеп өмірінде араласып, ата-аналар жиналыстары мен іс-шараларына белсенді қатысады. Жалпы, керемет жан.
Біз сіздің мейірімді жүрегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Жәутеңдеп қалған балалардың тағдырына бей-жай қарамай, шетте қалмағаныңыз үшін рахмет!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане