- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 26.11.2020 06:05
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 707
Бүгінгі қаһарман, ертеңгі елдің болашағы, халқымыздың қорғанышы болары сөзсіз. Руслан Муканов, ауданымыздың «Жас қаһарманы» деп аталып кетті. Себебі, әріптесі екеуінің жасаған ерлігі аудан тұрғындарының есінен кеткен емес. Естеріңізге сала кетейік, Тобыл кентінде болған үй өртінен өз жандарын аямай ер азаматты құтқарған болатын.
Руслан Муканов 1993 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда 2 баланың әкесі. Өзінің батыл мінезімен талайдың көзіне түскен Руслан, бүгінде өзінің мамандығымен мақтанатынын жасырмады.
- Жас маман ретінде мен полиция қызметкерінің мансабы қаншалықты қиын екендігі туралы нақты кесіп айта алмаймын. Бірақ, мен өз міндетімді білемін. Әрбір полиция қызметкері үшін халықтың қауіпсіздігі бірінші орында деп ойлаймын. Полицей мамандығы өте қиын және жиі қауіпті болып саналады. Қызмет борышы бойынша полицейлер өздері туралы соңғы орында ойлануға міндетті. Адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп басымдыққа ие деп ойлаймын. Ал, өртке келетін болсақ. Сол күні түнгі кезекшілікте жүрген болатынбыз. Тобыл кентінен өтіп бара жатқанымызда жанып жатқан үйді көрдік. Ойланбастан, сол үйге қарай рөлді бұрдым. Әріптесіміз екеуіміздің ойлағанымыз бір, адам жанын аман алып қалу еді. Бара салысымыздан ойланбастан жанып жатқан үйге кірдім. Үйде қарт кісіні алып шықтық. Әрі қарай, белгіленген органдарға хабар бердік. Бастысы адам жанын сақтап қалуымыз болды. Мен бұл істі мақтаныш деп есептемеймін. Бұл- менің міндетім, халық алдындағы борышым деп білемін. Әрбір полиция қызметкері халық қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Сондықтан, өз ісімді абыроймен алып жүрмін деп ойлаймын,- дейді Руслан Муканов.
Жасаған ерлігі үшін Руслан аудандық жастардың «Алтын кітабына» «Жас қаһарман» номинациясы бойынша қосылған болатын. Бұл ерлікті әлі күнген дейін тек бұқаралық ақпараттар бетінде ғана емес, ауыл тұрғындарының есінде. Жүрген жерінде мақтау естуден кейде қысыламын деп те айтып қалды.
- Еліміздің тыныштығы, абыройы, намысы мен үшін бірінші кезекте. Және әрбір тұрғынның қауіпсіздігіне біз жауапкершіліктеміз. Сондықтан, кейде аталмыш өртке байланысты мақтау естуден қысыламын. Ұялғаным емес, халыққа бұл менің міндетім екенін түсіндіргім келеді. Бірақ, мені осылай көтеріп, шабыт беріп жүрген жандарға, әріптестеріме алғысым шексіз. Барлықтарыңызды, келе жатқан 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!-, дейді жас қаһарман.