«Нұрсұлтан есімі мен үшін мақтаныш...»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_47_47-2020_7.jpgҚазақ халқының өмірі, тұрмыстық жағдайы өзіндік тән сипатта қалыптасқан салт-дәстүрге және наным-сенімге тікелей байланысты. Біздің халық кез келген нәрсені жақсылыққа жорып, жақсы нәрседен үміт күтеді.


Нұрсұлтан Сураганов – аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары. 1992 жылы дүниеге келген Нұрсұлтан өзінің есімі туралы және де балалық шағымен бөлісе кетті:
- Мен үшін Нұрсұлтан есімін абыроймен алып жүру маңызды деп есептеймін. Әрине, бұл есімді Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне берді. Нұрсұлтан есімін менің кіндік әкем Батыр Тленов берген болатын. Бала кезімнен алғыр болып өстім десем болады. Әкем полиция қызметкері, ал, анам есепші болып жұмыс атқарды. Өмірдегі басты талабым есімімді абыроймен алып жүру мен қатар, ата-анамның, маған білім берген ұстаздарымның сенімін ақтау болды. Ал, енді жалпы есіміме тоқталатын болсам,әрине, бұл есімді беру, маңызды нәрсе болған, ата-анам менің еңбекке қабілетті, Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне сай болуымды, қандай да бір жалқау болмағанымды қалады. Менің ойымша, осы есімді алып жүрген әрбір жан, өзінің алдында жауапкершілікті сезінулері керек деп есептеймін. Қандай қиықдықтар болмасын, бәріне төтеп бере білу керек. Себебі, Елбасымыз еліміздің алдында абыройлы істер атқарып, ірі проблемаларды шешіп жатқан да, біздің мәселеміздің әрбірін сол кісідей ақылға салып шешуіміз керек деген ойдамын. Еліміздің бүгінгі қол артқан табысы, бағындырған биігі, жеткен жетістігі, дербес ел ретінде іргесін бекітіп, керегесін ке­ңейтіп қана қоймай, алты құрлыққа танылуы – мұның бәрінде Елбасының ұшан-теңіз еңбегі, ерлігі мен өрлігі, қалт­­­қысыз қызметі мен қажыр-қайраты жатыр.Бұл жәй ғана есім емес, бұл елімізді асқақтатқан тұлғаның есімі. Сондықтан мен өз есіміммен мақтанамын,- дейді Нұрсұлтан.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының еліміздің баянды болуы­на қосқан үлесі баға бергісіз зор! Нұр­сұлтан Әбішұлы тарихтың сындарлы саға­тында биліктің басында болып, те­рең саясаткерлігінің арқасында елдің тәуелсіз дара жолын қалыптастыра білді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды дамы­ған ел деп мойындайды, дүниенің төрт құбыласымен тең араласамыз.
- Аудан тұрғындарын, барлық Қазақстандықтарды осынау айтылу мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді. Елбасымыздың салған сара жолымен жүріп, адал еңбек етіп, еліміздің дамуына әрі қарай зор үлес қосып, әрбіріміз шыңдала түсейік!,- деп, Нұрсұлтан өз құттықтауын білдірді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане