- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 30.12.2020 06:08
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 664
Кез келген айтулы дата тойға ғана емес, ойға жетелеп, өткен кезеңнің «бәрекелдісі» мен «әттеген-айларын» сараптауға мықты себеп әрі мүмкіндік екені рас.
Биылғы жылы елімізге төнген індетке байланысты көптеген іс-шаралар онлайн формартта өткен болатын. Десе де, арақашықтықты сақтай отырып, аудандық спорт бөлімінде біршама шаралар өтті. Жылдың қорытындысымен денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғырбаев бөлісе кетті:
- 2020 жылы іс-шаралар жоспарына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
Бейімбет Майлин ауданындағы спорт ғимараттарының саны 2020 жылы 1 бірлікке артты. Сонымен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Көркейе бер, жасай бер,ауылым!» кіші жобасының «Көркейе бер, Қостанай!» бағдарламасына сәйкес Валерьянов ауылында футбол алаңқайын жасаған болатын. Валерьянов ауылындағы мектеп ауласында салынған балаларға арналған спорттық алаңның салыну объекті 5,5 млн теңгеге «Казахдострой» ЖШС басшысы Мейрам Сайлаубекұлы Жұмабеков тарапынан және Новоильин ауылдық округінің әкімінің аппараты арасында жасалған меморандумның арқасында салынды.
Сондай-ақ, Валерьянов ауылында көлемі 360 ш.м., құны 40000,0 мың теңге спорт залының құрылысы жүріп жатыр.
2020 жылдың 18 тамызында Әйет ауылында воркаут алаңының ашылуы болды, ол "Варваринское"АҚ бөлген қаражат есебінен салынды. 2020 жылы Тобыл кентінің инфрақұрылымын дамытуға 3000,0 мың теңге сомасына мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тренажерлар сатып алынған.
2020 жылы өткізілетін іс - шаралар саны және оларға қатысушылар саны қысқарды, Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты спорттық іс-шаралар онлайн сабақтар, челендждер, жаттығулар, бейне сабақтар, дәрістер, онлайн жарыстар және т.б. форматында өтті (ватсап, Инстаграм-sportmailina, sportdyschmailina), бүгінгі күні барлық спорт залдары ашылды, Қашықтықтан оқытудағы жалпы білім беретін мектептерді қоспағанда, белгіленген кестеге сәйкес барлық санаттағы азаматтар үшін жаттығу процесі қалпына келтірілді,- дейді денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғырбаев.