Ардагерге құрмет

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_2_2-2021_2.jpgТобыл желілік полиция бөлімшесі полиция майоры Дәуіт Маратұлы Өтегенов Тобыл желілік полиция ардагері, милиция капитаны Амангелді Ермекұлы Ермековке Ішкі істер органдарында ұзақ және адал қызмет жасап, құқықты тәртіпті және заңдылықты нығайтуга жас полиция қызметкерлерін тәрбиелеуде белсене қатысқаны үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, «ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланы ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков қол қойған мадақтаманы табыстады.


Амангелді Ермекұлы Ермеков 1967 жылы Теміржол милициясына келіп жүргізушіліктен бастаған. Кейін Алматы милиция школын бітіріп, Тобыл желілік ішкі істер милиция бөлімшесінде қызмет жасады. Взвод бастығына дейін көтерілген Амангелді Ермекұлы 27 жыл бойы бір орында жұмыс істеп, 1994 жылы 51 жасында зейнеткерлікке шықты. Зейнетке шықсада қол үзбей жастарға тәжірибесін үйретуден жалықпайтын полиция ардагері милиция капитаны Амангелді Ермекұлы 63 жасына дейін жұмыс істеді.Төрт баласы бар. Барлығы да отбасыларымен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Ұлы Марат әке жолымен көлік полициясында Тобылда, Қарталыда қызмет жасап, қазір зейнеткерлікке шығып, Челябі қаласында тұрады. Немерелері де үлкен азаматтар Чехияда оқиды, заң орындарында қызмет жасайды.
А.Е. Ермеков - Совет Одағына қызмет еткені үшін «Ерен еңбегі» 10, 15, 20 жылдық медальдармен, Милиция Үздігі төс белгісімен марапатталған. Россия көлік полициясының 100 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталған.
Еңбек жолын көліктегі ішкі істер органдарының құрылуы мен нығаюына арнаған Амангелді Ермекұлына өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз көлік полицейлерінің бірнеше толқынын тәрбиелеуге көмегін тигізді, көп жылдық жемісті еңбегіңіз бен табандылығыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз, мықты денсаулық пен ұзақ өмір, отбасылық бақыт тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане