«Әйет» мешітіндегі Ораза Айт

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_18_18-2022_4.jpgМұсылман қауымының отыз күнгі оразадан кейін тағатсыздана күтетін айырықша мейрамы – Ораза Айт. Осыған орай аудан орталығындағы «Әйет» мешітінде Айт мейрамы аталып өтті.


Қазір аталған діни мерекенің кең көлемде аталып өтілуіне ерекше көңіл бөлінуде. «Әйет» мешіті де Ораза Айтты жыл сайын мазмұнды әрі айта жүрер айшықты мереке ретінде атап өтуге назар аударуда. Барша әлемді жайлаған ауыр індеттен кейін жамағаттың ерекше бір бас қосқаны Айт мейрамы болды. Ораза Айт намазына келген жамағат мешіт ауласына ерекше қуанышты күймен келді. Бірін-бірі мерекемен құттықтап, ақ тілектерін ақтарысты.
Алдыменен мешіт имамы Ислам Хамзин мешіт жамағатына, қонақтарға Ораза Айт намазының мән-маңызы, ерекшелігі туралы уағыз айтты. Одан кейін Ораза айтының намазы оқылды.
Айт намазы аяқталысымен көпшілік сыртқа ұмтылды. Өйткені сырта екі жарым тоннадан асатын көлікті сүйреуден жарыс өткізілетін еді. Бас жүлдеге бір қой тігілді.
Машина тартуда жүректі әрі білекті Сексен, Данияр,Шерхан, Нұрдәулет, Эмин, Тұралы сынды 6 жас жігіт сайысқа түсті. Ауыр көлікті 100 метрден астам жерге дейін сүйреп апару жігіттерге оңайға соқпады.
Уақыт есептеу қорытындысы бойынша 1 минут 14 секундта машина 100 метрге сүйреп жеткізген Сексен бауырымыз бірінші орынды иеленіп қойды қанжағасына байлады. 1 мин.23 секундтпен Шерхан екінші орынды , 1мин. 44 секундтпен Нұрдәулет ініміз үшінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарға 10000 , 5000 теңгеден жүлде берілді.
Шара соңында бас имам Ислам Хамзин осы шараны өткізуге атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтып, ризашылығын білдіреді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане