«Тіл шамшырақтары-2022»

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_18_18-2022_13.jpgӨткен аптада облыс орталығындағы 115 мектеп базасында «Қостанай дарыны» орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Тіл шамшырақтары-2022» байқауы өтті.


Байқау өзге ұлт өкілдері арасында өткізілді. Мақсаты – оқушылардың қазақ тілін білу деңгейін анықтау. Аталмыш облыстық байқауға аудандық кезеңнен өткен 3 оқушы қатысып, бақ сынады.
Байқау барысында оқушылар байқаудың «Эссе» деп аталатын бөлігінде еркін тақырыпта эссе жазса, «Мәтін» бөлігінде берілген тақырыпқа мәтін құрады, диалог құрастырды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді және мәтін бойынша өз түсінігін жеткізді.
Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптың орамдылығы мен сапасына, мазмұндылығы мен ерекшелігіне, сахналық мәдениетіне, киіміне баса назар аударды.
Байқаудың қорытындысы ауданымыздың намысын қорғап барған Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Айгерім Ткач 2- орынды, Красносельский жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Алена Шумилова 3-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Даря Поляничко арнайы серфикатпен марапатталды. Осы тұста Айгерімнің жетекшісі Г.К.Хасенова, Алёнаның жетекшісі А.С.Жансинова, Даряның жетекшісі А.Т.Темирбаева сынды ұстаздар екенін айта кеткеніміз жөн.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане