Жеңіс күні батырларға арнап мемориалды тақта койылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_19_19-2022_4.jpgЖеңіс күні - үлкен мейрам. Биыл міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да 77 жыл. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата- әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек.


Тобыл кентінің мекемелері Жеңіс күнінің 77 жылдығына Еске алу аллеясына гүл шоқтарын қойды. Тобыл әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы мен ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жаворонков Александр Георгиевич құттықтау сөз сөйледі. Болашақ өмір,бейбітшілік үшін жанын қиған жандарды үнсіздікпен еске алып, осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына тағзым етті. «Думан» Мәдениет үйі ұйымдастыруымен соғыс жылдарындағы әндерден шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы мерекесі күні Кеңес Одағының 2 мәрте Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің туғанына 100 жылдық мерейтойы мен Кеңес Одағының Батыры атағын бірінші рет алған қазақ қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың туғанына 100 жыл мерейтойына арналған мемориалдық тақта ашылды.
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері, қазақ ұландарына Отан қорғаудың өшпейтін өнегелі ізін қалдырған батыр. Ол көк жүзінде қаһарман ерліктердің ерекше үлгісін көрсеткен аты аңызға айналған айтулы тұлға.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова - қаһарман қазақ қызы, аты аңызға айналған жауынгерлік ерлік жасап, Отан үшін 20 жасында өмірін қиды. Әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
«Отан үшін от кешкен бабалардың рухына қызмет ету – әрқашан да парызымыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек Ардагерлерге мың тағзым!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане