«Сахыналық киімдерді әрлеу асқан жауапкершілікті талап етеді»

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_20_20-2022_8.jpg2013 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді.


Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді. Мәдениет өнер саласындағы қызметкерлердің жасап жүрген еңбегі, халыққа ұсынары көп.Осындай халық алдына шығып, өнер көрсетіп қана қоймай, сахна киімдерін тігіп жүрген өнерлі кісілердің бірі ауданымызда мәдениет саласында біраз жұмыс жасап жүрген Беилова Алмагүл Зұлқарнайқызы.
Ауданымызға 2005 жылдары Алтынсары ауданынан жұбайымен, балаларымен көшіп келген болатын. Қазіргі таңда мәдениет үйінде жұмыс жасап жатқанына 16 жыл. Алмагүл ханым 1984 жылдары Қостанайдаға ТУ 10 училищесіне тігінші мамандығына оқуға түсіп, 1986 жылдары аяқтаған. Одан соң 1988 жылы есепші мамандығына оқуға түсіп 1990 жылдары тәмамдайды. Одан кейін өзінің ауданы Алтынсары ауданында балабақшада жұмыс жасаған. Дәл қазіргі таңда Алмагүл ханым Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында Елубай Өмірзақ атындағы мәдениет үйінде мәдени ұйымдастырушы және сахналық киімдерді әзірлеуші, тігінші қызметін атқаруда.
-Сахыналық киімдерді әрлеу асқан жауапкершілікті талап етеді. Орындаушылық пен киім ұштасып тұрмаса өнер адамының сахынаға кейпі ашылмайды,- дейді Алмагүл ханым.
Бұдан бөлек Алмагүл ханым өзі де сахналық қойылымдарға және ертегілерге қатысқан. Мәселен, «Әр бейнеден өзіңді көр», «Бәріде жеңіс үшін», «Золушка», «Госпожа Метелица», «Раушан-коммунист» және т,б сынды рөлдерді сомдап қатысқан. Өз жұмысын жанындай жақсы көретін, жасаған жұмысына жауапкершілікпен қарай білетін білікті, өз ісінің маманы Алмагүл ханым алдағы келе жатқан мәдениет қызметкерлерінің күніне барлығына ең алдымен зор денсаулық, жұмыстарында табыс пен молшылық, қуаныш пен бақыт тілейді. Олай болса алдағы келе жатқан мәдениет қызметкерлерінің барлығына келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане