«Көктем аруы - 2023» аудандық байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_17_162023-21-6.jpg

21 сәуір күні аудандық Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйінде «Көктем аруы- 2023» атты байқау өтті. Қатысушылар ауылдық округтерден 7-10 жас аралығындағы қыз балалар болды. Іс шараның ұйымдастырушысы – Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі.
Байқаудың мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту болып табылады.
Байқау 3 кезеңнен «Таныстыру» атты бірінші кезеңінде қыздар өздерін, хоббилері және отбасылары туралы әңгімеледі. Екінші шығармашылық сайыста көрермендер мен қазылар алқасы сан алуан нөмірлерді – би, ән, музыкалық аспапта ойнау және поэзияны тамашалады. Үшінші кезең «Дефиле», сән үлгісін көрсету болды. Сахнадан ең жақсы киімдерін киген кішкентай арулар әрқайсысы өздерінің сән үлгісін көрсетті. Мерекеде «Достық» ансамблінің жас өнерпаздары би билеп, өнерімен әрлендіріп, көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Байқау қорытындысы шығарылып, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. «Көктем жұлдызы – 2023» номинациясы бойынша көрермендер жүлдесін Апановка ауылынан №11 қатысушы Жақып Нұрайым жеңіп алса, «Білімді ару – 2023» номинациясының ең интеллектуалды қатысушысы Красносельский ауылынан Ксения Кисляк болды. «Маржан ару - 2023» номинациясы бойынша қазылар алқасы Майский ауылынан Анахит Ирицянды таңдаса, ал Аруна Мейрамбекқызы «Өнерлі ару - 2023» өнерпазы атанды. Көктемнің бас ханшайымы «Көктем аруы – 2023» атағын кішкентай да болса белсенді қатысушы, Тобыл кентінің тұрғыны Әлімқызы Ақбота жеңіп алды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Байқауға қатысушылар мен көрермендер үшін тосынсый ақ аю Умканың пайда болуы болды. Балаларға көрсетілген мереке үшін Balzina17 және mishka_aiet_tobol_rudnyi жеке кәсіпкерлерге шын жүректен алғыс білдіреміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане