«Көктем аруы - 2024» аудандық байқауы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_12_1_2.jpg

15 наурызда Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Көктем аруы – 2024» атты байқау өтті.
Негізгі қатысушылар ауылдық округтерден 13-18 жас аралығындағы қыз балалар болды. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі, «Үміт 2050» Қоғамдық Қоры, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Көктем аруы – 2024» атты байқауы үш кезең бойынша өтті. «Таныстыру» «Визитка» атты бірінші кезеңінде қыздар өздері, хоббилері және отбасылары туралы әңгімеледі. Екінші шығармашылық сайыста көрермендер мен қазылар алқасы сан алуан нөмірлерді – би, ән, музыкалық аспапта ойнау, поэзияны тамашалады. Үшінші кезең «Дефиле» болды. Сахнадан ең жақсы киімдерін киген кішкентай арулар сәнді көйлек киім үлгілерін көрсетті.
Байқау қорытындысы шығарылып, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Көктемнің бас ханшайымы «Көктем аруы – 2024» атағын Тобыл кентінің тұрғыны Аруна Дандыбай жеңіп алды. Барлық қатысушы ханшайымдарға түрлі номинациялар мен мадақтама сыйлықтар табыс етілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане