«Шұғаның белгісі» спектаклі қойылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_12_1_1.jpg

14 наурызда Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде көрермендердің сұрау бойынша «Шұғаның белгісі» спектаклі өтті.
Бір-біріне ғашық, ескі әдет-ғұрыптың тосқауылына тап болған жастардың жай-күйін халық театрының әртістері сахналады. Режиссері - Нина Луценко. «Шұғаның белгісі» - Бейімбет Майлиннің проза жанрындағы тұңғыш туындысы. Махаббатқа деген адалдық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған.
Сахнада әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы - аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры жайында баяндалады. Қойылым көрермендерге жақсы әсер қалдырды. Сахнада халық театрының әртістері образдарды оқиғалар арқылы шынайы жеткізуге тырысты. Сахнада тәжірибелі әртістермен қоса бірінші рет өнер көрсеткен өнерпаздар да болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане