Баспаналы болу бір бақыт

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_14_142024-5.jpg

Бүгінде Қазақстандағы ауылдарда кадрлар тапшылығы түйіткілді мәселелерді бірі екені белгілі.
Осыған орай, мемлекет 2010 жылдан бері жас мамандарды қолдау мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын ұйымдастырып келеді. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты - елді мекендердегі ұстаз, дәрігер, инженер және т.б. маңызды мамандықтармен қамтамасыз ету, жұмыссыз жастардың санын азайту.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша Тобыл кентіне келген мамандардың бірі Серікұлы Бекарыспен кездесіп, олардың өмірі мен жұмысы жайлы білген едік. №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Серікұлы Бекарыстың сөзінше, бағдарламаның ең басты артықшылығы - мемлекеттің жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуі.
- «Өзім Қостанай обылысы, Жангельдин ауданы, Саға ауылында 2001 жылы дүниеге келдім. Қызбел ауылында Міржақып Дулатова орта мектебін 11 жыл бойы оқыдым. Әке шешем бар, бес ағайындымыз. Арқалық педагогикалық институтының жоғарғы оқу орнын бітірдім. Қазіргі таңда №2Тобол жалпы білім бітіретін мектебінде информатика пәнінен сабақ беремін. Бағдарлама бойынша үй алдым. Осы тұрғыда жас мамандарға айтатыным: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы мемлекет ең маңызды баспана мәселесін толығымен шешіп береді. Ал өз үйің болғаннан кейін материалдық жағын реттеу де ыңғайлы болады. Тобылда барлық жағдай жасалған: интернет те, жол да, бәрі бар. Ұстаз ретінде саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу үшін, жас мамандарға ауылға келуге еш тартынбасын дер едім», - деп аяқтады сөзін Серікұлы Бекарыс.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане