Қайырымдылық – асыл қасиет

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_15_152024-6.jpg

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Бейімбет Майлин аудандық «Әйет» мешіті бастамасымен және демеушілік көрсеткен «Qarqyn Qus» ЖШС басшысы Алтай Наурызбайұлы қолдаумен «Рамазан қоржыны» акциясы аясында 20 отбасыға азық-түлік таратылды.
Жалпы «Рамазан қоржыны» акциясы еліміз бойынша жыл сайын ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған және асыраушысынан айырылған отбасыларға көмек қолын созу. Қоржындар жоғарыда аталған санатқа жататын отбасыларға беріледі. Оның ішінде өсімдік майы, шай, жұмыртқа, тәттілер, картоп, жуа, макарон және күріш сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарлар бар.
Акция аясында қолдау алған көп балалы аналар мен мұқтаж адамдар ұйымдастырушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане