«IBARS» - интелектуалды ойынына қатысты

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_15_152024-2-1.jpg

«IBARS» - Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы білім беру платформасы интеллект, логика, есте сақтау және математикалық қабілеттерін дамытады.
Қосымшаның көмегімен балалар сөйлеуді, тыңдауды, сурет салуды үйренеді. Ойнай отырып, білім алады. 3-5 жас аралығындағы балалардан құралған топ «IBARS» жобасында бақ сынайды.
Қатысушылар әр кезең бойынша түрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап іздеп, жеңіске ұмтылады. «IBARS» мектеп жасына дейінгі баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, баланы интеллектуалды дамытуға арналған оның білімге деген қызығушылығын ашу болып табылады.
Тобыл кенті «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінен» Мақсұтхан Мейірбек осы «IBARS» - «Балапан» телеарнасының тапсырысымен түсірілген интеллектуалды бағдарламаға қатысты. Кастингке Абай Құнанбайұлы атамыздын «Ғылым таппай мақтанба» өленің жаттап, кастингтен өткен болатын. Ал, Астана қаласы «Балапан» телеарнасында түсірілімде балақайлар «Түркістан тарландары» және «Қостанай қырандары» болып екі топқа бөлініп қызықты тапсырмалар орындады. Түсірлім 1-1,5 сағатта түсіріліп балалар өте жақсы көніл күйде шықты. Мақсұтхан Мейірбекке және тәрбиешісі Нағашыбай Нұрсұлуға алғыс хат тапсырылды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане