Теміржол - өмір жолы

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_31_312024-6.jpg

Пойыз, вагон, шойын жолдар – бір сөзбен теміржол саласы.
Бұл салада еңбек ететін мамандарды да бір сөзбен теміржолшы деп айтамыз. Ал бірақ, бұл атаудың артында бірнеше мамандық иесі тұр. Олардың қатарында машинист, жолшы, жолсерік сияқты жұмысшылар, инженер, диспетчер, станция, вокзал мен бөлімшелер бастығы сияқты қызметкерлер бар. Бірі қара күшті қажет ететін жағында, енді бірі зерделі зейін мен жедел әрекетті талап ететін сатыларында жұмыс істейді. Қызметтің бір парасы техникалық терең біліммен атқарылады. Бір кездері мүлгіп жатқан сайын далаға жан бітірген шойын жол бүгінде ел экономикасының өн бойына қан жүгірткен күретамырға айналды. Тобыл өңіріндегі теміржолшылар қалашығы атанған Тобыл станциясына теміржолшылар кәсібі дендеп енгелі 85 жыл уақыт өтіпті. Бүгінде теміржолшы мамандығы мұнда отбасылық кәсіпке айналған десе болады. Осы салада 45 жылдан аса еңбек етіп келе жатқан бүгінгі кейіпкеріміз, локомотив пайдалану айналым депосының локомотивтерді қабылдаушы , теміржолшы Жұтабаев Марат Алдамұратұлы, атақты теміржолшылар династиясының өкілі. Жұтабаевтар отбасының 3 буыны теміржол саласында 1 ғасырдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Алды Алдамұрат әкелері бастаған, қазір баласы Марат немересі Азамат, Ақсамал, Ақтілек жалғастырып жатыр.
Марат Алдамұрат ұлы 1980-ші жылдары Алматы теміржол институтына түстім. Курстар 8 айға оқып, содан кейін 5 жыл оқып, теміржол саласында жоғары білім алды. Оңтүстік астанада Жанар Мәметқызын кездестіріп, үйленіп, Шилі станциясына жол шебері (мастер) болып еңбек жолын бастаған. Бүгінде еңбек өтілімі 45 жыл. Еңбек әулетін Марат Жұтабаевтың балалары жалғастырды.Үлкен ұлы Азамат бала кезінен осы салада жұмыс істеуге ұмтылды. Ол машинистің көмекшісі болды, содан кейін инженер, станция кезекшісі және ревизор болды. Бүгінде көпбалалы әке Азамат Маратұлының 5 баласы бар, егер олар теміржолшы болғысы келсе мен қуанамын» дейді Азамат Маратұлы. Ақтілек еңбек жолын слесарь-механик болып бастап, қазір жолсерік болып еңбек етеді. Ол «біздің басты міндетіміз-азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дейді. Ақсамал Маратқызы отбасының жақсы дәстүрін сақтап, «Радиотехника және телекоммуникация техникумын бітірген . Бүгінде ол Тобыл станциясында үлкен жауапкершілікті кажет ететін инженер болып қызмет етеді. Марат Алдамұратұлының немересі 9 жастағы Арсен Алдамұратта лайықты білім алып, болашақта теміржол саласында қызмет етуді армандайды.
Бүгінде әулет мүшелерінің әрқайсысы өз қызметінде еңбегі мен мамандыққа берілгендігі үшін жетістікке жеткен. Құт еңбек еткенге бітеді демейме қазақ, маңдай тері мен адал еңбегінің арқасында абыройы асқақтаған Марат Алдамұратұлының ерен еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы алды. Теміржол саласында еңбек етіп жүрген текті әулеттің мерейі үстеп, бірлігі бекем болсын.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане