«Тәуелсіздіктің тарихи жолы»

b_600_290_16777215_00_images_images_2024_51_512024_7.jpg

 

 

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы, оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Ендеше еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.
Тобыл кенті «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығы жастармен біздің заманымыздың өзекті мәселесі – жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған маңызды дөңгелек үстел өтті. Ашық әңгіме барысында жасөспірімдер арасында есірткі заттарының адам ағзасына зиянды әсері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларыңыз бен жасөспірімдерге, айналаңыздағы жастарға сергек және мұқият болу керек. Олардың мінез-құлқына, қарым-қатынас шеңберіне, қызығушылығына назар аударып, егер қандай да бір өзгерістерді байқасаңыз, мамандардың көмегіне жүгіну кажет. Балалармен есірткінің зияны туралы сөйлесіп, оларға тыйым салынған заттармен кез-келген тәжірибеден неге бас тарту керектігін түсіндіріп, бірге көбірек уақыт өткізу, олардың өміріне қызығушылық арттырып, отбасында сенім мен өзара түсіністік атмосферасын құру шарт. Сонда ғана бірге нашақорлықты жеңуге болады.
Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане