Осиповтар отбасы баспаналы болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_14_14-2019_2.JPGМемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. Алдағы 10 жыл – бұл мемлекетіміздің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіндегі шешуші кезең болмақ. Негізгі басымдық – азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуы екендігін нақтылап айтты.


Осы мақсатта Елбасы жергілікті биліктің алдына халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты маңызды міндеттер қойды, яғни мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша тиімді жұмыс жүргізу, көпбалалы отбасыларды қолдау.
Жыл басынан бері Елбасы тапсымаларын орындау мақсатында Таран ауданында игілікті іс-шаралар атқарылуда. «Nur Otan» партиясы Таран аудандық филиалының ұйымдастыруымен, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсетіліп, үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы жанұяларға баспана алып беруде. Күні кешеге дейін жергілікті кәсіпкерлер алты көпбалалы отбасыға пәтер алып берді. Өткен аптада «Азия Алтын – 2000» ЖШС-нің иесі кеңесшісі, Қазақстан Іскер Әйелдер Ассоциациясының мүшесі Светлана Михайленконың қолдауымен тағы бір отбасы, яғни жетінші отбасы баспаналы болды. Ол – 33 жастағы Светлана Осипова. Светлана Михайловна - жалғызбасты ана. Кәмелетке толмаған 5 баласы бар. Ол - Асенкритов ауылының тұрғыны. Аталмыш кәсіпкер оған Набережный ауылдық округінің орталығынан үш бөлмелі үй алып берді.
- Өте қуаныштымын, бұл біз үшін күтпеген сыйлық болды. Үш бөлмелі үйге ие болдық. Газы, суы кіргізілген, жылы үй. Балаларыма қатты ұнады пәтеріміз. Мектеп дәл қасымызда. Бала көп болмайды. Үлкенім 13 жаста, кішісі 2 жасқа енді келеді. Бойымызда қуат барда, оларды өсіріп, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге дайынбыз. Бұдан да қиын уақыт болған, бірақ дәл осындай сәттерде мемлекеттің қолдауы, көмегі сезіледі,- деген Светлана Осипова қолдау білдірген барша ағайынға алғысын білдірді.
- Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын қолдау біздің міндетіміз. Осыған орай «Көркейе бер, Қостанай» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп жатырмыз. Соның бір дәлелі бүгінгі пәтер кілтін табыстауымыз. Бұл игілікті істі біз әлі де жалғастырамыз. Мен барша әріптестерімді Елбасы бағдарламасын қолдауға шақырамын, - деді, «Азия Алтын – 2000» ЖШС-нің директоры Иван Полторацкий.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане