Ұлы Жеңіс күні - халық жадында

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_20_20-2019_15.jpg9 мамыр күні біздің әрқайсымыз үшін ата-бабаларымыздың Ұлы Отан соғысындағы жеңісін бейнелейді. Бұл күні бұрынғы КСРО республикаларының барлық қалаларында, соның ішінде Қазақстан да кеңес жауынгерлері мен тылшыларының ерліктерін еске алып, соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды.


Ауданымызда биыл Ұлы Жеңіс мерекесін абыроймен атап өтті. Басты шеру аудан орталығының бас алаңында өтті. Іс – шараның салтанатты басталуы-мектеп оқушылары, мемлекеттік құрылымдар мен әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері,сондай-ақ,жалпы мерекеге қатысуды парыз еткен ауыл тұрғындары қатысқан шерулермен басталып, аудан әкімімен бірге гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Соғыс жылдары өз Отанын фашизмнен қорғаған майдангерлердің фотосуреттерін туған-туыстары мен жақындары қолдарына ұстап, алаңға кірді.
Ескерткішке гүл шоқтарын қойғаннан кейін аудан басшысы Қуандық Испергенов іс-шараны ашты. Ол соғыс ардагерлері мен ҰОС қатысушыларына зор денсаулық тіледі, сондай-ақ Жеңіс күнін мерекелеудің және аталарымыздың Ұлы ерліктері туралы есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің атынан Қоршаудағы Ленинград тұрғыны Галина Котлярова сөз сөйледі, ол біздің елімізде мәңгілік бейбітшілікті сақтауға үміт білдірді.
«Жеңіске арналады» атты мерекелік бағдарлама шағын концертпен жалғасты. Осы уақытта ауылдықтар сауда қатарларында серуендеп, Мәңгілік алау жанында суретке түсті. Мерекелік іс-шара кешкілік орталық алаңда жалғасын тапты.
Біз аға-апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру- сіздердің және біздердің парызымыз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане