Халықаралық мұражай күні

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_21_21-2019-9.JPG18 мамыр халықаралық мұражай күні. Айтулы мереке 1977 жылы Мәскеуде бастау алған. Бұл күні еліміздің барлық өңіріндегі мұражайлар ашық есік күнімен қатар «Мұражай түнін» өткізеді. Аудандық тарихи
өлкетану мұражайының ұжымы бұл дәстүрден танбады. Әдеттегідей көрермендерін тағатсыздана күтті.
«Мұражай түні — 2019» акциясының шарасына шақырту алғандар таңертеңнен келді. Әсіресе, мектеп оқушыларының қарасы қалың. Барлығы 95 жылдық тарихы бар мұражайдың дүниелерімен танысуға асық. Мұражай қызметкерлері әрбір келушіні мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Олардың сөзіне сенсек, мұнда тарихи жәдігерлер жеткілікті. Әр жәдігер тарихтан сыр шертеді. Мұны бүгінгі өскелең ұрпақ жақсы біледі. Тарихи жауһарларды осы күні тегін көруге мүмкіндік туды. Археологиялық ескерткіштердің барлық түрінен жәдігерлер қойылып, келушілерге паш етілді.
Ауданымыздың жастары да тасада қалған жоқ. Келген қонақтарымызға өз өнерін көрсету мақсатында, флешмоб ұйымдастырған. Одан әрі көрме залында «Рубаха#Рубашка#Жейде» атты көрме ұсынылды. Әртүрлі халықтардың: украин, марий, еврей, чуваш, орыс халықтарының жейделері көрмеге қойылды. Барлық көйлектер кестемен безендірілген. Осы көрменің ашылуында «Селяночка» вокалдық тобы өздерінің музыкалық нөмірлерімен өнер көрсетті.
Іс - шара барысында «Квест» атты интеллектуалды ойын өткізілді, оған ауыл жастары мен мектеп оқушылары қатысты, ойынмен қатар, «Бір шаңырақ астында» музей экспозициясында барлық тілек білдірушілер үшін викториналық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, латын тілінде диктант ұйымдастырылды, мұражай фойесінде «Дартц» ойыны өткізілді. Шара соңында қатысушыларға сыйлықтар берілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане