- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 15.08.2019 07:27
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1460
«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы» ММ басшысы Еркебұлан Жұмағалиұлы Абдукаримов ауданға жұмыс сапарымен келді.
Жалпы атап айтқанда,басқарма басшысы С.Ерғалиев атындағы орта мектеп қабырғасында болып, IT-технологиялар кабинетімен толықтай танысты. Қазіргі таңда жасалған ұсыныс бойынша IT-технологиялар кабинетіне 5 лего алу ұсынылды. Келесі бағыт, аудандық орталық аурухана болды. Барлық кабинеттер көрсетіліп, ұсыныстар да қабылданды. Ауруханада ғаламтор желісінің баяуланып кеткені туралы сөз етіліп, жеделдету үшін техникалық мүмкіндіктер жасалуын ұсынды. Басқарма басшысы ат басын «Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ-не бұрды. Басшы ауданда цифрландыруды жақсарту бойынша ұсыныстарды тыңдады,сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді. «Өткені жоқ ел, тарихы жоқ халық болмайды. Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Осы ретте архив ісіне жүктелетін жауапкершілік орасан деп ойлаймын. Біле білсек, архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әрбір ұлт тарихының қазынасы. Ата-бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Қазақстан архивтерінің мемлекет тарихының қалыптасудағы рөлі өте зор. Олар халықтың құжаттық жадын бір талдап жинап, өскелең ұрпақ үшін сақтайды»,-дейді «Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ меңгерушісі Бақыт Қапасқызы.