«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_36_36--2019_9.jpgЖаңа оқу жылының басталып, жас балаша күлім қағатын жаз мезгілінің аяқталып, күзбен таласа келген 1 қыркүйек – Білім күні. Жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш.


Білім күніне арналған салтанатты шаралар аудандағы барлық мектептерде сән-салтанатымен өтті. Таңғы 10.00-де Асенкритов орта мектебінің салтанатты шарасы «Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ардақты ата –аналар! Сіздерді күз мезгілінің алғашқы мерекесі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!» деген құттықтау сөзбен басталды. Аталмыш жиынға қатысқан 11-сынып оқушыларына бұл қоңырау - соңғы, ал, 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау болмақ. Сондықтан, бұл күні оларға ерекше құрмет көрсетілді. Алғашқы қоңырау салтанатында аудан әкімі, "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының төрағасы Қуандық Хайдарұлы Испергенов Асенкритов орта мектебінде болып, ата-аналарды және оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиында білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаева, білім бөлімінің өкілдері, депутаттар, шаруашылық субъектілерінің директорлары, педагогикалық еңбек ардагерлері және ата-аналар қатысты. Асенкритов орта мектебінің қабырағасына биылғы жылы 19 бүлдіршін 1-ші сыныпқа қадам басты. Ал, қазіргі таңда 2020 жылы түлеп ұшатын жас түлектер 6 оқушы. Түлектер 1-ші сынып оқушыларына естелік ретінде, бүлдіршіндерімізге сыйлықтарын ұсынды.
Бұл мерекенің жылдан-жылға мәні артып келе жатыр десек артық айтқандық емес. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Ендеше, білім ордасын аттап жатқан барша түлектерге жаңаны жақсы жағынан қабылдап, жаңа жүйеге тез бейімделуіне тілектестік білдіреміз. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп қабырғасын тәтті естеліктерге толтырып, жүйелі білім мен тәртіпке, саналы сана мен терең ойға толы азамат бола беріңіздер! Ұлағатты ұстаздың асыл еңбегін, аяулы ата-ананың ақ үмітін ақтай біліңіздер!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане