- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 12.09.2019 06:06
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 1294
Қазақстан Президенті «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа Жолдау жасағаны баршамызға мәлім.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мектеп бітірушілердің қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру ең негізгі мәселе екендігіне, яғни орта білім берудің ұлттық стандарты болып табылатынын айтты. Осы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаеваны әңгімеге тарттық: «Мемлекет басшысы қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратындығын, білікті педагог кадрлардың тапшылығы, оқушылардың білім сапасына тікелей әсер ететіндігін тілге тиек етті. Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау керек екендігін де Президентіміз ерекше атап өтті. Қазіргі таңда біздің ауданымызға келіп жатқан мамандарды нақты айта алмаймыз, себебі, қазіргі таңда жас мамандарға деген сұраныс көп болғандықтан, әлі де мамандарымыз келіп жатыр. Дарынды оқушыларымыз туралы айтатын болсам, жалпы аудан бойынша дарынды, үлгі ұтатын, мақтаныш ететін оқушыларымыз қазіргі уақытта жетерлік. Оқушыларымыздың алдында тұрған маңызды қадам, ол - Республикалық олимпиадаға дайындық, дегенмен, оқушылар алдымен аудандық кезеңнен өтіп, облыстық деңгейге жолдама алады. Десе де, «Үмітсіз-шайтан ғана...» демекші, дарынды оқушыларамызға барлық мүмкіндіктерді жасап, өз тарапымыздан қолдау білдіріп отырамыз.
Мемлекет басшысының тағы атап өткен өзекті мәселесі - оқулықтардың тапшылығы. Қазіргі таңда ауданымыздағы мектептер бойынша 4-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар толық оқулықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Қазіргі таңда 6-шы сынып бойынша кітаптар толық қамтылмай жатыр.
Сонымен бірге, Президентіміз аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керектігінде айта кетті. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажет екені рас. «Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық тамақ беру, оларды оқу құралдарымен қамтамасыз ету керек» деген болатын Мемлекет басшысы. Аудан бойынша 622 оқушы тегін тамақтандырылып жатыр. Бұл оқушылар көпбалалы отбасынан немесе тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардан. Біз барынша қолымыздан келген көмекті көрсетуге тырысудамыз.
Одан кейін мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бұл тақырыпта Қасым-Жомарт Кемелұлы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырып – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға өседі деген сөзінен ұстаздар қауымы қуанды.Қорыта келе, Сананы тұрмыс билейді емес пе? Тұрмысы оңалған, жағдайы жақсарған ұстаздың алдындағы шәкірттің шыңға шығуына аянбай қызмет ететініне кәміл сенім білдіремін және атамекеніміздің гүлденіп өсіуіне, болашағымыздың жарқын болуы үшін бірлесіп еңбек етуге шақырамын! Елбасымыздың “Ел бірлігі – ең асыл қасиет” деген қанатты сөзі – барша қазақстандық отандастарымыздың қағидасы болсын!»,- деді әңгіме барсында аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы.