Әйел бақыты-ана болу

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_9_9-2020_5.jpgАна – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ана туралы қасиетті де, құдіретті де сөздер, аңыз-әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян.
Ал, бүгінгі кейіпкеріміз-көпбалалы ана Рыскелді Айтуған. Кейіпкерімізді 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отырып, сұхбаттасқан болатынбыз.


- Жас келген сайын күйеуім екеуміз көпбалалы болғанның қандай бақыт екенін сезіне бастаған сияқтымыз. Алғашқы сәттерде жүкті екенін білу, апта мен күнді санау, баланы бірінші рет көру, баланы емізу, қолыңда жүру, кішкентай саусақтарын сүю, балалардың бір-бірін қалай жақсы көретінін, қалай ойнайтынын көру, сүйікті адамыңның қамқор әкеге айналғанын көру-мұның бәрі керемет, ештеңемен салыстырмайтын ерекше сезімдер!
Балаларды тәрбиелеуде үлкен көмек пен қолдауды маған күйеуім Рашат пен туған адамдарым көрсетті. Қызым үйдің шаруашылықтарына көмектеседі, ағасы жиенімен ойнайды. Рашат- қамқор, сүйікті жар мен баға жетпес әке. Ол-кез-келген істе таптырмас көмекші. Күйеуімнің арқасында барлық алаңдаушылық пен күмәндар екінші орынға кетеді. Балалар біздің мүмкіндіктеріміздің шекарасын кеңейтуде»,- дейді Рыскелді ханым.
Ел қорғаған батыр да, сөз маржанын терген ақын да ананың құрсағында жаратылды. Алтын құрсақты аналарымыздың арқасында небір даналар, небір ғалымдар, небір батырлар, хандар мен билер дүниеге келді. Анасының ақ сүтімен бірге өн бойына сіңірген ана тілінің қасиетін сезінді. Халқына қызмет етті. Рыскелді ханымның да халыққа қызмет ететін алты бірдей ұл - қыздары бар. Өзінің өмірдегі басты байлығы балаларының жетістігі екенін Рыскелді ханым мен Рашат мырза жасырмайды. Олар үшін бірінші кезекте балаларының амандығы. Қазіргі таңда бақытты отбасылардың бірі десек болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане