Аймақтағы мобильді топтардың рейдтері жалғасуда

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_32_32-2020_2.jpgӘлемді жайлаған коронавирус індетіне қатысты карантиннен кейін ел тіршілігі жандана бастады. Жолаушылар пойыздарының жүруімен вокзалдар жұмысы да қыза түскендей.

Десек те, стратегиялық нысанда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, жұмыс режимінде өзгерістердің бар екені байқалады.
Қазір еліміздегі теміржол вокзалдары карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге көшті. Сонымен қатар, жолаушыларға вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, касса залдары мен күту залдарында орналасқан кресло-орындықтар арасында да қашықтықты сақтау туралы белгілер орнатылған. Теміржол вокзалында жұмыс істеп тұрған шағын бизнес объектілердегі жұмыстың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимдерінің сақталуын бақылау бойынша талаптардың сақталуына мобильді топтар тексеру жүргізілуде.
5 тамыз 2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және Қостанай бөлімінің көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапаны бақылау бастығы Елена Викторовна Климова бастаған мобильді топ Тобыл кентінің теміржол вокзалында карантиндік режимде жұмыс істейтін объектілерді тексерудің алгоритмін жасады. Мобильдік топпен бірге тексеріс кезінде «Nur Оtan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Жұмабаевна Калимова және Б.Майлин аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Мира Бисенқызы Казкеева қатысты. Мобильдік топтары жергілікті кәсіпкерлердің эпидемияға қарсы режимнің талаптарын, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық дезинфекцияны күшейтуді, адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін бағалайды және қолданыстағы шектеулер мен олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сауда орындарының өкілдері коронавирустан қорғану үшін, тиісті санитарлық талаптарды ескеруі қажет. Өнімді орап, бетке маска тағып, алақанқа антисептик жағуы шарт. Мобильдік топ карантиндік режимді бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша 2 шағын бизнес өкілдеріне Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «25» 06 2020 жылғы №43 шешіміне сәйкес, тауарлар мен қызметтердің сапасын сақтауда енгізілген шараларды, санитарлық дезинфекцияның сақталмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып хаттамалар жасады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане