Конституция күніне орай марапатталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_35_35-2020_3.JPGҚР Конституциясының 25 жылдығына орай аудандық аурухана дәргігерлері мен медбикелері атқарған адал қызметтері үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Осынау мерекелік сәтте грамоталар мен алғыс хаттарды аудан әкімінің орынбасары Назгүл Асқарқызы Манасова табыс етті.
«Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайды», - деді Назгүл Манасова.
Аудандық дәрігерлер мен медбикелереміздің еліміздегі індеттен сақтау үшін барын салып еңбек етіп, аудан тұрғындарының амандығы үшін адал қызмет еткендерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Сонымен қатар,Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығының құрметіне «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен ауданның бірқатар еңбеккерлері марапатталды. Айта кетсек, Ольга Николаевна Тарасова -аудандық ауруханының дәрігері, акушер-гинеколог, Игорь Кириллович Черных- «Черных Игорь Кириллович» ЖК басшысы, Павел Владимирович Абрамов- ауданының мүгедектер қоғамы ҚБ басшысы (фотода), Анатолий Васильевич Цыцельский- «Варваринское» АҚ Темір-Жол Көлігінің Цехі басшысы, Жумабай Жуманазарович Хамитов- «Асар-07» ЖШС басшысы, Иван Илларионович Кулик-«Викторовское» ЖШС басшысына табысталды.
Павел Абрамовқа медальді табыстау рәсімі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимоваға міндеттелді.
Бұл марапатталушылардың барлығы да құрметке лайық. Еңбектеріңіздің жемісін көріп жүре беріңіздер дегіміз келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане