«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_39_39-2020_5.jpgҮлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.


Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Бүгінде ұл-қыз өсіріп, бейнетінің зейнетін көріп отырған Күлбаршын Хасенова әжеміз балалары мен немерелерінің қызығына тоймай, бақытты ғұмыр кешу де. 71 жастаға әжей 70-ші жылдары бастап балаларын әрі қарай жетілдіру үшін талмай еңбек еткен жан. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» - дейді халқымыз. - Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздер, аңыз - әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында» - деген қасиетті хадисте. Осы сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны аян. Өмірдің мәні мен сәніне айналған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға деп ойлаймын. Біздің анамыз біздің өсіп-өнуіміз үшін өзін ешқашан аяған емес. Бүгін, міне, анамыздың жанында немерелері бар, әр мейрамда анамызды ұнытпай келіп құттықтап жатамыз. Біз анамыздың бізге төккен мейірім-шуағын ешқашан ұмыт қалдырған емеспіз. Жарқырап-жайнап жүргенімізде ата-анамыздың арқасы екені бәріне мәлім. Биік те самғасақ та әлі анамыздың бізге төккен терін, берген ақ сүтін өтемедік деп ойлаймын. Бізді қатарымыздан қалмай, білім алып, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болса екен деп тілеген тілегі орындалды десем болады. Біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамның қасымызда екеніне мен қуанамын. Рахмет сізге, анашым! Бізге берген тәлім-тәрбиеңіз бен аналық махаббатыңызға шексіз ризамыз! Сөз соңында айтарым, «АНА» сөзінен аспайық, оны әрқашан қадір тұтып, сыйлайық!,- дейді қызы Сәуле Жармухамбетова.
Бүгінде Күлбаршын әжеміз 5 баласынан 10 немере сүйіп отырған ардақты да аяулы әже.
Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз. Бүгінде ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруде өз үлестерін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке болса да лайық.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане