Қарттарға құрмет – зор міндет

b_600_290_16777215_00_images_images_2021_39_39-2021_5.JPG28 қыркүйек күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде бірнеше мерекелік күндер аталып өтті. Кездесуді аудандық орталық кітапхана және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды.


Өткен Еңбек күні мен алдағы Мұғалімдер күні, сондай-ақ қарттар күні іс-шараға қатысушы 20 зейнеткерді біріктірді. Қатысушыларды әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімнің орынбасары Назгүл Манасова құттықтады. Ол аға буынның аудан дамуы мен жастарды тәрбиелеудегі үлкен рөлін атап өтті. Сондай-ақ, көрмеде өз жұмыстарын ұсынған Әйет және Май ауылдарының тұрғындары: Ангелина Захаровна Биянова, Валентина Степановна Горбатенко, Татьяна Семеновна Жигалина, Александр Максимович Хуторная және Людмила Васильевна Седых әкім орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды. Ардагерлерді «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Жанна Калимова және аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова құттықтады.
Ұйымдастырушылар "Алтын жас" деп атаған мерекелік бағдарлама кезінде залда жылы және жайдарлы атмосфера болды. Бұл күні іс-шараның жүргізушілері Зәмзәгүл Балғабаева мен Айман Зыбалева аға ұрпаққа ерекше алғыс білдірді. Қатысушылар тек бір-бірімен ғана араласып қана қоймай, сондай-ақ олар жұмбақтарды үлкен қызығушылықпен шешіп, викториналар мен конкурстарға қатысты. Қатысушылар мәдениет үйінің қызметкерлері орындаған көңілді әндерге би биледі. Осылайша, егер жаның қартаймаса, онда жас кедергі емес екенін тағы бір рет дәлелдеді. Мереке рухани және мейірімді көңілде өтті. Бұл туралы мереке қонақтарынан айтылған алғыс сөздер айғақтады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане