- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 16.11.2023 09:13
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 3466
Еліміздің Тәуелсіздікке жету жолында құрбан болған батырларымызды, шешен жырауларымызды, үкімет басқарған азаматтарымызды, алып атанған ақын жазушыларымыздың мұраларына тоқталмасқа болмас. Солардың бірі – қазақтың классик жазушысы, жазықсыз құрбан Бейімбет Жармағанбетұлы Майлин.
Тобыл селолық кітапханасында «Думан» Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Бейімбет Майлин туғанына 129 жылдығына орай Би ағаның немерелес туысы, Тобыл тұрғыны Бақбергенов Мирамбек Қуанышбекұлымен кездесу кеші өтті. Бейімбет бабамызды еске алып, шығармашылығы мен оның зерттелуі, жазушы шығармашылығының өміршеңдігі, жастарға насихатталуы жайында жан-жақты әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Мирамбек Қуанышбекұлы кешке қатысушылардың сұрақтарына да толыққанды жауап берді. Бейімбет Майлин қаламынан туған шығармалар қазiр де өзектiлiгiн жоймай, бүгiнгi күн мәселелерiне жауап бере алады. Өйткенi, оның шығармаларының тамыры тереңде, халық тағдырымен бiте қайнасып жатыр. Қаламгер қандай мәселенi көтерсе де арқауында шындық жатыр. Селолық кітапхана қорынан жазушының өміріне және шығармашылығына арналған «Елім деп ұлықтаған-Ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қаламгердің мазмұны терең, көркемдігі кестелі, ойы ұшқыр туындылары талай ұрпақтың рухани азығына айналып, сан алуан зерттеулердің нысаны болып, өз мәнділігін мәңгілік жоймайтынына, талай оқырманның көкірек көзіне ой салып, көңілінен шыға береріне, сөз өнерінің қиын да күрделі жолына түскен өнер адамдарының бағыт алар темірқазығы боларына сеніміміз мол.