Ақбота тағы да бас жүлдеге ие болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_50_12.jpg

Алматы қаласында өткен «Жас Жұлдыз» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына онлаин қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, хореография жанры бойынша Алимқызы Ақбота Бас жүлде алды.
Ал, 9 желтоқсан күні Астана қаласында өткен Халықаралық өнер байқауы «ALASH FEST» байқауы өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, талантты балалар бақ сынады. Кішкентайынан киелі би өнерін бойына сіңірген зор қабілет - қарымымен талай биіктерді бағындырған қазақтың талантты қыздарының бірі Ақбота Алимқызы ең үздік би қойылымы үшін ұйымдастырушылар тарапынан Бас Жүлдеге ие болып, Түркия еліне жолдама алды. Ақботаның жанында өнерін қолдап және шыңдап, өнер биігіне көтеріп, бірден бір зор үлес қосып жүрген анасы Әсел Сағынтайқызы. Анасының айтуынша , Ақботаның келешекте өнер саласының дамуына үлес қосатынына сенімді және оның шығармашылық қабілетін ашып, бойындағы бар өнерін көрсетуге мүмкіндік беріп, байқауларға қатыстырып отырады. Міне, ата -ана тілегі орындалып, Түркия еліне Стамбул қаласына үлкен сахнаға жолдама алған Ақботаның өнерін шыңдауға бұл байқау көп септігін тигізері сөзсіз. Жеңіспен оралуына сенімдіміз. Ақбота қызымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз! Алдағы уақытта алар асулар көп болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане