- Подробности
-
Категория: №8 (10328) от 22 февраля 2018 года
-
Создано 22.02.2018 06:24
-
Просмотров: 4253
Дүйсенбі күні №1 Таран орта мектебінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған ұстаздармен кездесу өтті.
Аталмыш мектеп ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауын жылы қабылдады. Әсіресе, педагогикалық ұжымда білімді дамыту, рухани жаңғыру, оқытушы мәртебесін көтеру, цифрландыру бағытындағы мәселелер қызу талқыланды.
Алдыменен аудандық газеттің бас редакторы А.Ахметбеков Елбасы Жолдауына қысқаша тоқталып өтті.
Бұдан кейін аудандық Қазақтелеком бөлімінің басшысы Ермек Нұрахметов бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап жазылғанын атап өтіп, ел дамуына ерекше серпін беретін бұл стратегиялық құжаттың маңыздылығына тоқтала отырып, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді. Әсіресе, интернет жүйесі, цифрландыру жұмыстары туралы кеңінен әңгімеледі.
Шара соңында ұстаздар қауымы айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, Елбасының Жолдауында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Елбасы Жолдауын насихаттап, білім мазмұнын жаңарту бойынша жасалып жатқан реформаларға қолдау көрсететінін жеткізді.