- Подробности
-
Категория: №8 (10328) от 22 февраля 2018 года
-
Создано 22.02.2018 06:35
-
Просмотров: 3690
Қазіргі уақытта нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағытын, соның ішінде кәсіпкерліктің негізін оқытатын «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша дайындық жұмысы іске асырылуда. «Бастау Бизнес» жобасының бірегейлігі неде?
Кез-келген жұмыссыздың немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушының, жаңа бастап жүрген кәсіпкердің 25 күннің ішінде бизнес негіздерін үйрену үшін тегін оқудан өтіп, жеңілдік шартпен несие алуына және өз ісін ашуына мүмкіндігі бар.
Бизнес-дағдыларға оқытуды кәсіби дайындалған бизнес-жаттықтырушылар жүзеге асырады. Курстар бизнес негіздері, заң сауаттылығы, менеджмент, салықтар, қаржылық сауаттылық сабақтары, мемлекеттік бағдарламалар, заңнама негіздері сынды 12 тақырыптық топтамаға бөлінген. Үйренушілер мамандардың көмегімен бизнес-жоспар құруды, шешендік өнерді меңгереді. Сертификатты алған соң, тыңдаушылар ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қорынан бөлінетін төмен пайыздық несиеге, сондай-ақ аграрлық-несиелік корпорацияның шағын қаржылық ұйымдарға және несиелік серіктестіктерге жүгіне алады. Естеріңізге сала кетейік, несиенің ең үлкен сомасы 18 млн. теңгеге дейін артты. Ал, мерзімдер 5 жылға дейін, егер мал шаруашылығымен айналыссаңыз немесе ауылшаруашылық корпоративін құрсаңыз, 7 жылға дейін белгіленген екен.
2018 жылға арналған жоспар қандай? Биылғы жылдың ішінде 16 аудандар мен 4 қала қамтылады деп жоспарлануда. «Атамекен» ҚР ҰҚП ақпаратына сәйкес «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде үйренушілер саны бойынша көрсеткіш Қостанай облысы үшін 2018 жылы 2 268 адам саны белгіленді. Біздің облысымыздағы былтырғы жылғы курстардағы оқу талдауы тыңдаушылардың басым бөлігінің мал шаруашылығымен айналысқысы келетінін көрсетті. Сонымен қатар, сәнхана, наубайхана, шаштараз және т.б. ашуға қызығушылық артуда. Ақырында, кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді қолданыстағы бизнестің жүргізілуінің сервистік қолдауының аясында әр жобаны алып жүретін болады.
«Бастау Бизнес» бағдарламасының қатысушысы болу үшін жұмыссыздар не істеу керек? Олар жеке куәлігімен және мекен-жай анықтамасымен кәсіпкерлер палатасы филиалының мамандарына, ауылдық округ әкіміне немесе жұмыспен қамту орталығы на жүгініп, тестілеуден және оқудан өтуі қажет.
Назар аударыңыздар! «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша тестілеу наурыздың 27-сі мен 30-ы аралығында, бірінші ағымдағы топтың оқуы 2-28 сәуір аралығында өтеді.