Алғыс айту күні - мәні де, мағынасы да зор жаңа мереке. 2016 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Тарихқа көз салсақ, XX ғасырдың басында елімізге сан түрлі ұлт өкілдері еріксіз қоныс аударған. Бұл мереке сан түрлі ұлт өкілдерін бауырына басқан қазақ халқының мейірімділігін бейнелейді. Бүгінде қазақ жерінде 100-ден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін Алғыс айту күні – бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Мерекенің басты мақсаты - азаматтық қағидат негізінде қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Бұл күні қазақстандықтар ата-бабаларын еске алып, ата-аналарына, мұғалімдеріне, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.
«Алғыс айту күні – ерекше мереке. Қазақстандықтар үшін алғыс - жай ғана ризашылық сезімі емес, бұл халықтың іргелі құндылығы екеніне сенемін. «Жақсылық ешқашан ұмытылмайды», - дейді «Nadzieja» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Радомский.
«Еріксіз қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан өткізгендер ешқашан ұмытпайды. Қазақстан біздің ортақ үйімізге айналды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жағдайда ғана өмірдің сынағына төтеп бере алатынымызды естен шығармауымыз керек. Бүкіл шешен-ингуш халқы Аллаға шүкіршілік етіп, бізді туғанындай қабылдаған қазақ еліне алғыс білдіреді», - дейді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Эльбрус Тимаев.
«Қиын кезеңде бізге қолдау білдіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлығына алып, мейірімділік танытқан қазақ халқына мың алғыс. Бір үзім нанымен бөлісіп, сүйеу болған Ұлы дала жерінде достық, келісім, бейбітшілік сақталып келеді, лайым солай болғай», - дейді корей этномәдени қоғамдастығының төрайымы Ульяна Ким.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы барша халықты Алғыс айту күнімен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке, қуаныш, шаттық тілейді.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы
30.10.2026 12:59

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан...
30.10.2026 12:57

В Москве в Посольстве Казахстана состоялся круглый стол, посвященный Посланию Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом...
30.10.2026 12:04

В отделе полиции района Беимбета Майлина организован Центр оперативного управления. С его помощью сотрудники полиции смогут круглосуточно следить за обстановкой...
30.10.2026 12:03

В районе Беимбета Майлина завершается реализация проекта, направленного на сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия. Проект реализует ОФ «Ассоциация...
30.10.2026 09:01

23 октября в ДК им. Е. Умурзакова состоялся торжественный концерт «Рухы биік Қазақстан!», посвященный Дню Республики. В этот день чествовали...
30.10.2026 09:00

В преддверии Дня Республики в районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвящённое решению одного из важнейших социальных вопросов - обеспечению...
30.10.2026 08:59

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық...
30.10.2026 08:57

Ербол Баймагамбетов, Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және...
30.10.2026 08:56

Гульжан Галеева, и.о директора ГКП «Районная больница района Беимбета Майлина» В Послании Президента от 28 октября 2026 года особое внимание уделено дальнейшей модернизации...
30.10.2026 08:55

Валентина Пирог, председатель Общественного совета района Беимбета Майлина Прослушав ежегодное Послание Президента, хочу отметить особую значимость затронутых вопросов для жителей сельской местности. Одним...
30.10.2026 08:54

Мамай Ізтілеу, Тобыл кенті, "Думан" Мәдениет үйі қызметкері, айтыскер ақын. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда...
30.10.2026 08:53

В преддверии Дня Республики врач-оториноларинголог ЦРБ Александр Никитин был награжден медалью «Еңбек ардагері» («Ветеран труда»). Этой награды Александр Никитин удостоен за...
30.10.2026 08:52

В областном центре состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к профессиональному празднику работников лесного хозяйства и Дню Республики Казахстан. В знак признания...
30.10.2026 08:51

От первых профессиональных шагов к работе в сфере социальной поддержки. Профессиональный путь Ирины Викторовны Шевченко связан с несколькими направлениями деятельности...
30.10.2026 08:49

В преддверии Дня автомобилиста на ТОО «Варваринское» прошел конкурс профессионального мастерства среди водителей вспомогательного транспорта горнотранспортного цеха. За звание лучшего...
30.10.2026 08:48

На футбольной площадке спортивного комплекса «Батыр Арена» в с. Айет прошел розыгрыш Осеннего кубка Детской футбольной лиги. За главный трофей...
30.10.2026 08:47

Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және табандылықты талап ететін маңызды салалардың бірі. Бұл салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,...
30.10.2026 08:44

В КГУ «Кировская основная средняя школа» действует необычный клуб по изучению птиц - «Детективное бюро орнитологов». Его авторы участники Зубавичусте...