Наурызнама – тек мереке ғана емес, халықтың бірлігін, татулығын білдіретін мәдени-тарихи құндылық. Бүгінгі таңда бұл дәстүр қайта жаңғырып, қазақ қоғамында кеңінен тойланып келеді. Иә, Наурызнаманың онкүндігі – Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуге арналған арнайы шаралар жиынтығы. Бұл дәстүр әртүрлі елдер мен аймақтарда әрқалай ұйымдастырылады, бірақ негізгі мақсаты – Наурыздың мәнін тереңірек ұғыну, халықтың бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Наурызнаманың онкүндігі әдетте 10 күнге созылады, әр күні белгілі бір тақырыпқа немесе шараға арналады:
Көрісу күні. Адамдар бір-біріне қонаққа барып, құшақтасып көріседі, амандық-саулық тілейді. Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйі Амал күні -Көрісу күні қонақтарды қарсы алды және мекемелерге Кітапхана, жастар орталығы, оқушылармен, кітапханашылармен бірігіп, көрісу күнімен құттықтады. Бұл мереке – татулық пен бірліктің, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше күн. Қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі, ол адамдардың бір-бірімен көрісіп, жаңа жылды аман-есен қарсы алғанына қуануын білдіреді.
Қайырымдылық күні. «Игі істер марафоны-2025» деген атпен Тобыл жастары ресурстық орталығы ауыл әкімдігінің қызметкерлерімен және жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, «Жақсылық жаса» акциясын өткізді. Бұл күні қолдауды қажет ететін отбасына көмек көрсетілді: жасөспірімдерге азық-түлік пен қажетті заттар берілді. Іс-шара қоғамдағы қайырымдылық, өзара көмек және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.
Шаңырақ күні. Шаңырақ күніне "Думан" Мәдениет үйінде Шаңырақ клубы «Шаңырақ – ұлттық құндылықтың белгісі» атты отырыс өткізді. Іс шарада аналардың отбасыдағы рөлі мен өнегелі өнері туралы өте маңызды әрі тәрбиелік мәні зор әнгіме қозғалды. Ұлттық салт-дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ана үй шаруасынан бастап, қоғамдағы түрлі салаларда да өзін таныта алатын мықты тұлға. Қолөнерге, ұлттық тағамдардың қыр-сырын ұрпақтарына үйретуде, рухани тәрбие береді. Кездесуде аналар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жастарға үлгі боларлық әңгімелер айтылды
Ұлттық салт дәстүр күні. «Думан» Мәдениет үйінде Наурызнаманың «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне «Бұрымды қыз» байқауы өтті.»Бұрымды қыз» байқауында қатысушылардың ақылдылығы мен ой-өрісін тексеру және ұлттық дәстүрге, әдепке, шаш күтіміне және қыз бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойылды. Қатысушылар номинация бойынша Тобыл әкімі мадақтамасымен және сыйлықтармен марапатталды.
Ұлттық киім күні. Наурызнамадағы Ұлттық киім күні – бұл ұлттық мәдениетті, дәстүрді және тарихи мұраны дәріптеуге арналған ерекше күн. Наурыз мейрамын тойлау аясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» «Қостанай бөлімшесі-ЖТ» ЖШС филиалының Қостанай локомотив пайдалану айналым депосы ТД-9 Тобол теміржолшылары ұлттық киімді насихаттады. Қатысушылар Ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізіп, ұлттық өнер мен мәдениетке деген құрметін көрсетті. Бүгінгі күнде ұлттық киімдер тек мейрамдар мен арнайы іс-шараларда ғана емес, сонымен қатар жастар арасында сән ретінде қайта жаңғырды. Бұл шара ұлттық киімдерді заманауи стильде киюдің жаңа трендтерін көрсетіп, жастарды өз мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Ұлттық спорттық сайыстар күні. Ұлттық спорттың біздің өмірімізде орны ерекше. Ол тек дене шынықтырумен шектелмейді, сонымен қатар ұлттың тарихы мен мәдениетінің айнасы болып табылады. Әрбір ұлттық ойын мен спорт түрі ұрпақтан ұрпаққа жеткен бай мұра, халқымыздың бойындағы батылдықты, қайсарлықты, айқасты және ұйымшылдықты танытады. Наурызнаманың ұлттық спорт күні аясында Тобыл спорткешенінде түрлі ұлттық ойындар мен жарыстар өтті. Олардың ішінде күрес, асық ату, арқан тартыс және тағы басқа ұлттық ойындар өткізілді.
Наурызнаманың онкүндігі – бұл Наурыз мейрамының рухын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға бағытталған тамаша дәстүр. Наурызнама – еліміздің мәдени өміріндегі маңызды кезең, ұлттық бірліктің нығаюына, халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтауға бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Бұл мейрамды өткізу арқылы біз өз тарихымызды, мәдениетімізді дәріптей отырып, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды аманат етеміз. Наурызнама – ұлттық рухтың жоғарылауын, мәдениеттің жаңғыруын және елдің бірлігін нығайтатын маңызды іс-шара ретінде өз мәнін сақтайды. Ұлыстың ұлы күні Найрыз мейрамы құтты болсын ағайын!
20.03.2025 10:10
Наурыз көже – қазақ халқының ең басты ұлттық тағамдарының бірі. Ол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде дайындалып, халыққа берекенің,...
20.03.2025 10:10
В канун празднования весеннего праздника Наурыз в областном центре уже шестой год подряд проходит Международный фестиваль хореографического искусства «Наурыз достарын...
20.03.2025 10:09
Семья Цуневских, которой в этом году исполнилось 16 лет, уже давно вписала праздник Наурыз в свою жизнь. Глеб Васильевич и...
20.03.2025 10:04
В Рудном стартовал турнир по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященный памяти тренера Сергея Ананича.В турнире принимают участие 6...
20.03.2025 09:55
Игровая зависимость – одна из серьезнейших проблем общественного психического здоровья во всем мире.Что такое лудомания? Как она развивается?Лудомания - дословно...
20.03.2025 09:54
Қазақ халқы үшін бата – рухани қуат беретін, жақсы тілек тілейтін қасиетті сөз.Батаны, әдетте, үлкендер, оның ішінде елге сыйлы ақсақалдар...
20.03.2025 09:53
Наурызнама – тек мереке ғана емес, халықтың бірлігін, татулығын білдіретін мәдени-тарихи құндылық. Бүгінгі таңда бұл дәстүр қайта жаңғырып, қазақ қоғамында...
20.03.2025 09:52
С 14 марта в Казахстане началась декада празднования Наурыз мейрамы. Каждый день имеет глубокий смысл и будет наполнен мероприятиями, отражающими...
20.03.2025 09:51
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял участие в четвертом заседании Национального курултаяПодводя итоги общественно-политических реформ, осуществленных в рамках реализации мартовского Послания...
20.03.2025 09:49
КГКП «Областной центр самодеятельного народного творчества и киновидеофонда» Управления культуры акимата Костанайской области организовал творческий конкурс «Сахналық жекпе-жек» для организаторов...
20.03.2025 09:48
В преддверии празднования Наурыз Мейрамы в областном центре на базе школы – гимназии имени Ы.Алтынсарина при содействии областной газеты «Қостанай...
20.03.2025 09:47
Арқалық қаласында 14 наурыз күні Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың бір ардағы» атты аймақтық Наурыз ақындар айтысы өтті.Қостанай облысының...
20.03.2025 09:46
В минувшие выходные в детско-юношеской спортивной школе с. Айет состоялся благотворительный турнир по мини-футболу, организованный в поддержку Асылхана Жуматова. Молодому...
20.03.2025 09:45
На территории района продолжаются весенние профилактические мероприятия: службы ЧС и предвидели сельских акиматов организуют противопаводковые мероприятия, проводят встречи с населением...
19.03.2025 14:39
Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20...
19.03.2025 14:37
В соответствии с утвержденным Графиком проведения взрывных работ, по рыхлению льда у мостов, дамб и ликвидации заторов на водных объектах...
13.03.2025 13:05
Физическая культура играет важную роль в воспитании подрастающего поколения, формируя не только силу и выносливость, но и характер, дисциплину, командный...