Қазақ халқы үшін бата – рухани қуат беретін, жақсы тілек тілейтін қасиетті сөз.
Батаны, әдетте, үлкендер, оның ішінде елге сыйлы ақсақалдар береді. Ақсақалдың батасы- ұрпаққа өнеге. Қазақ қоғамында ақсақалдар тек қария ғана емес, ұлттың ұйытқысы, тәрбие беруші, жол көрсетуші болды. Олар батасын беріп, жастарға үлгі көрсетіп, бірлікті сақтауға ұмтылды. Өмір көрген, ақыл-парасаты жоғары, халықтың салт-дәстүрін жетік білетін тұлғаның бірі Тобыл кенті тұрғыны, зейнеткер ұстаз Кауканов Амангельды Тосмагамбетұлы. Амангельды ата 1941 жылы туған, қазір 84 жаста, 7 бала, 16 немере, 8 шөбере сүйіп отырған қария. Көпті көрген қария кейінгі ұрпақтарға бата беріп отырады. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мақал бар. Ақсақал берген бата тек тілек қана емес, ол – рухани күш. Өмірлік тәжірибесі мол қарияның жүректен шыққан сөзі жастарға сенім береді, жолын ашады.
Амангельды атаның айтуынша Бата әртүрлі жағдайда беріледі: той-жиындарда – жастарға ақ жол тілеп, оларға жақсылық нәсіп ету үшін, сапарға аттанарда – аман-есен оралуын, жорығының сәтті болуын тілеу үшін, жаңа іс бастағанда – кәсіптің берекелі, табысты болуын сұрау үшін, ауырған адамға – сауығып кетуін тілеу үшін беріледі.
Бата – сөзбен берілген күш. Ақсақалдардың батасы халықтың бірлігін, ынтымағын нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне оң ықпалын тигізеді. Қай кезде де үлкеннен бата алу – құрмет, ал батаны ақ ниетпен беру – ұлағатты іс. Наурыз мейрамына арналған Амангельды Тосмагамбетұлы ақсақалдың батасы:
Уа, Алла, жарылқай гөр!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Ақ мол болсын, төрт түлік түгел болсын!
Наурыз айы жақсылығын ала келсін,
Жаңа жыл баянды, берекелі болсын!
Ұрпақтарымыз аман болсын,
Жеріміз тыныш, еліміз тұғырлы болсын!
Бірлігіміз бекем, ырысымыз мол,
Жүрегіміз мейірімге толы болсын!
Наурыздың ақ дастарқаны
Береке мен қуанышқа толсын!
Қайғы-мұң алыстап,
Шаттық пен бақыт орнасын!
Алла Тағала әр күнімізді жақсылыққа толтырсын,
Қуанышымыз көп болып,
Төрт түлігіміз сай болсын!
Дендеріміз сау, көңіліміз шат,
Бақ-берекеміз арта берсін! Әумин!
Бүгінде де бата беру дәстүрін сақтау – ұлттық руханиятымызды дәріптеудің бір жолы. Ақсақалдан бата алу – өткеннен өнеге алып, болашаққа нық қадам басу. Осылайша, қазақтың дара дәстүрлері мәңгілікке жалғасын таба береді.
20.03.2025 10:10
Наурыз көже – қазақ халқының ең басты ұлттық тағамдарының бірі. Ол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде дайындалып, халыққа берекенің,...
20.03.2025 10:10
В канун празднования весеннего праздника Наурыз в областном центре уже шестой год подряд проходит Международный фестиваль хореографического искусства «Наурыз достарын...
20.03.2025 10:09
Семья Цуневских, которой в этом году исполнилось 16 лет, уже давно вписала праздник Наурыз в свою жизнь. Глеб Васильевич и...
20.03.2025 10:04
В Рудном стартовал турнир по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященный памяти тренера Сергея Ананича.В турнире принимают участие 6...
20.03.2025 09:55
Игровая зависимость – одна из серьезнейших проблем общественного психического здоровья во всем мире.Что такое лудомания? Как она развивается?Лудомания - дословно...
20.03.2025 09:54
Қазақ халқы үшін бата – рухани қуат беретін, жақсы тілек тілейтін қасиетті сөз.Батаны, әдетте, үлкендер, оның ішінде елге сыйлы ақсақалдар...
20.03.2025 09:53
Наурызнама – тек мереке ғана емес, халықтың бірлігін, татулығын білдіретін мәдени-тарихи құндылық. Бүгінгі таңда бұл дәстүр қайта жаңғырып, қазақ қоғамында...
20.03.2025 09:52
С 14 марта в Казахстане началась декада празднования Наурыз мейрамы. Каждый день имеет глубокий смысл и будет наполнен мероприятиями, отражающими...
20.03.2025 09:51
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял участие в четвертом заседании Национального курултаяПодводя итоги общественно-политических реформ, осуществленных в рамках реализации мартовского Послания...
20.03.2025 09:49
КГКП «Областной центр самодеятельного народного творчества и киновидеофонда» Управления культуры акимата Костанайской области организовал творческий конкурс «Сахналық жекпе-жек» для организаторов...
20.03.2025 09:48
В преддверии празднования Наурыз Мейрамы в областном центре на базе школы – гимназии имени Ы.Алтынсарина при содействии областной газеты «Қостанай...
20.03.2025 09:47
Арқалық қаласында 14 наурыз күні Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың бір ардағы» атты аймақтық Наурыз ақындар айтысы өтті.Қостанай облысының...
20.03.2025 09:46
В минувшие выходные в детско-юношеской спортивной школе с. Айет состоялся благотворительный турнир по мини-футболу, организованный в поддержку Асылхана Жуматова. Молодому...
20.03.2025 09:45
На территории района продолжаются весенние профилактические мероприятия: службы ЧС и предвидели сельских акиматов организуют противопаводковые мероприятия, проводят встречи с населением...
19.03.2025 14:39
Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20...
19.03.2025 14:37
В соответствии с утвержденным Графиком проведения взрывных работ, по рыхлению льда у мостов, дамб и ликвидации заторов на водных объектах...
13.03.2025 13:05
Физическая культура играет важную роль в воспитании подрастающего поколения, формируя не только силу и выносливость, но и характер, дисциплину, командный...