Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1933 жылы Челябі облысы Златоуст қаласында заводта еңбек етуден бастады. 1937 жылы Чебарколь қаласында әскери дайындық курсын оқыды. Ол қайсар да, батыл еді.1941 жылы 22 маусымда Челябі облысының Увел аудандық әскери комитеті Кәрім Жабықпайұлы Темірбековті бірінші бұйрықпен төменгі Увелка станциясынан соғысқа шақырды. Петрозаводск қаласына-Карелияға келіп, ол Карелия-фин майданына 1307-ші атқыштар мергендер полкіне жіберілді. 1942 жылы қаңтарда Архангельск облысы қаласының маңындағы шайқастардың бірінде Қ. Ж. Темірбеков сол аяғы мен бетінен ауыр жараланып, содан кейін жеті айдан астам уақыт тұрған Архангельск госпиталінде өліммен күресті, сөйтіп, ғажайып түрде тірі қалды. Кәрім Жабықпайұлы 1942 жылы тамызынан сапер-құрылыс полкімен 1945 жылдың 9 мамырына дейін майдан даласында соғысты. 1944 жылдан бастап Кәрім Жабықпайұлы Үшінші Беларусь майданының құрамында жауынгерлермен бірге Беларуссияда - Минск қаласын азат етуде, Балтық жағалауында - Латвия, Литва, Эстония, Шығыс Пруссия аумағында, сондай - ақ Венгрияда-Будапешт астанасын азат етуде және Германияның Кенигсберг қаласын басып алуда ірі жауынгерлік операцияларға қатысты. Әрине, ең қатал Кенигсбергтегі 45-ші жылғы сәуірдегі соғыс майданы деп атауға болады, оған қатысқаны және батырлығы үшін қазақ солдаты «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталды. Соғыс аяқталғаннан кейін Кәрім Темірбеков «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» наградасына ұсынылып, 1947 жылы «За отвагу» батылдығы үшін медалімен марапатталды. Ол бірнеше рет жарақат алып, госпитальда емделсе де, қайтадан сапқа қосылып, жауға қарсы ерлікпен күресті. Жеңіс күнін әкем 1945 жылдың мамыр айында Германияда қарсы алды. Бірақ оның әскери жолы мұнымен бітпеді. Сол жылдың жазында ол Қиыр Шығысқа, Жапонияға қарсы соғысқа жіберілді. Кеңес әскерінің Манчжурия операциясына қатысып, жапон милитаристерінің берік қорғанысын бұзуға атсалысты. Бұл операция барысында да әкемнің ерлігі мен төзімділігі айрықша танылды. Жапонияны жеңгеннен кейін Кәрім Жабықпайұлы соғыстан кейінгі қираған страгетикалық нысандарды, жолдарды, көпірлерді қалпына келтіруге қатысты. Тек 1945 жылдың қарашасында демобилизацияланып, үйіне оралды. Кәрім Жабықпайұлы соғыс мүгедегі болған. 1 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. Әкемнің алған орден-медальдары – оның ерлігінің айғағы ғана емес, біздің отбасымыз үшін де үлкен мақтаныш. Соғыстан кейін Челябинск көмір шахталарында жұмыс істеді.
Ол көмір Коркинуголь өндірісте жұмыс істеді 1972 жылы зейнеткерлікке шығып, Қазанбасы ауылына туыс -бауырларының жанына көшіп келді. Қазанбасы ауылында да зейнеткерлікте болса да, мал шаруашылығында жұмыс істеді. Елден алғыс алып, Құрмет тақтасына енгізілді. Ауылда еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп, адал өмір сүрді. Темірбеков Кәрім 2000 жылы 22 қарашада 86 жасында қайтыс болды. Әйелі Катима Жүнісқызымен бірге 60 жыл өмір сүрді. 6 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан немерелері мен шөберелері бар.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...