Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.
Осы орайда, жақында ғана Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып, елге оралған жерлесіміз – Тұрысбек Алихан Мамайұлы туралы айтпай кету мүмкін емес. Алихан Мамайұлы – Тобыл кенті тұрғыны, 2024 жылы әскер қатарына шақырылып, Жетісу облысы Талдықорған қаласы Қоңыр селолық округі 18404 әскери бөлімінде қатарында бір жылдық әскери міндетін орындап, қанаты талмас қайсар ұлан десанттық-шабуылдаушы бөлімде борышын өтеп елге оралды.
Ол 2024 жылы Қарулы Күштердің санатындағы – десанттық-шабуылдаушы бөлімшеге шақырылып, бір жыл бойы әскери дайындықтан өтіп, жоғары жауапкершілікпен қызмет етті. Аталмыш бөлім – физикалық әрі психологиялық төзімділікті, жедел қимыл мен нақты әрекетті талап ететін арнайы жасақ. Осындай күрделі ортада шыңдалған Алихан Мамайұлы нағыз батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті. Сарбаз жүктелген міндеттерді уақытында және мінсіз орындап, түрлі оқу-жаттығуларға қатысып, парашютпен секіру, биік таулы аймақтарда маневр жасау сияқты күрделі жаттығуларда үздік нәтижелер көрсетті. Ол командирлер тарапынан бірнеше рет алғыс хаттар мен марапаттарға ие болған.
– Әскер – ер жігітті тәртіпке баулиды, шыңдайды. Бұл бір жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Әскери өмірдің қатаң тәртібі мен жауапкершілікке толы күн тәртібі жас сарбазды нағыз шыңдады. Сарбаздар тек физикалық жағынан емес, рухани жағынан да дамиды. Қазір өзімді мүлде басқаша сезінемін тәртіпті, шыдамды әрі мақсаткермін, – дейді сарбаз Алихан Мамайұлы.
Қазір Алихан Мамайұлы болашаққа үлкен сеніммен қарап, әскери салада қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның қайсар мінезі мен елге деген адалдығы – жастарға үлгі. Осындай ержүрек азаматтардың арқасында еліміз тыныш, шекарамыз берік. Сарбаздың ата-анасы, туған-туыстары мен достары оның елге аман-есен оралғанына дән риза. Әскерде алған тәжірибесі мен тәртіпке үйренуі болашақта үлкен өмір жолында көмегін тигізетіні сөзсіз. Мұндай ержүрек азаматтар – жастарға үлгі. Олар ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің қаншалықты қымбат екенін жете түсініп, патриоттық рухты бойларына сіңіріп қайтады. Отан алдындағы борыш – әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік пен мақтаныш.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...