Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.
Олар – егін даласында, зауыт пен фабрикада, мектеп пен ауруханада, әр салада қажымай-талмай еңбек еткен қарапайым азаматтар.
Соғыс басталысымен елдегі барлық күш майдан мен тыл қажеттіліктеріне бағытталды. Ер-азаматтардың көпшілігі майданға аттанған соң, ауыр еңбек әйелдер мен балалардың, қарттардың мойнына түсті. Олар күн-түн демей егін егіп, астық бастырып, соғысқа қажетті өнім өндірді. Қан майданға киім-кешек, азық-түлік, оқ-дәрі жіберу – тылдағы еңбек адамдарынан үлкен табандылықты талап етті. Осындай жандардың бірі Тобыл тұрғыны Зонова Анна Ивановна. Ұлы Отан соғысы жылдары әрбір азамат ел қорғау жолында жан аямай еңбек етті. Қиын-қыстау заманда тылда қалған балалар да ересектермен қатар ауыр жұмыстарға жегілді. Анна Ивановна кішкентайынан соғыс ауыртпалығын сезініп, еңбекке араласты. Әкесі майданға аттанып, анасы колхозда жұмыс істеді. Жас Анна күн сайын таңмен таласа тұрып, картоп жинауға көмектесті. Қыстың қақаған суығында да, жаздың аптап ыстығында да тыным таппай еңбек етті. Балалық шағы ойын-күлкісіз өтсе де, Отан алдындағы борышын терең сезініп, еңбекке шын жүректен берілді. Бүгінде Анна Ивановна - тыл ардагері. Оның балалық шағы мен тылдағы еңбегі - өскелең ұрпаққа үлгі. Ол соғыс кезіндегі балалардың қандай қиындықтарға тап болғанын еске ала отырып, бейбіт өмірдің қадірін білуге үндейді. Зонова Анна Ивановна 9 мамыр Жеңістің 80 жылдығына мерейтой медалімен марапатталды.
Тыл ардагерлерінің сол кездегі еңбегі – төзімділік пен ерліктің үлгісі. Олар майдан мен ел арасындағы алтын көпір болды. Бүгінгі бейбіт күніміз – сол кісілердің жанқиярлық еңбегінің арқасы. Жылдар өтсе де, тыл еңбеккерлерінің өнегелі өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі. Олардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталады. Тылдағы әйелдер – Жеңісті жақындатқан жандар. Ұлы Отан соғысы жылдарында әйелдер ел тағдырына түскен ауыртпалықты ерлермен тең бөлісті. Майданға кеткен ер-азаматтардың орнын басып, олар тылда ерен еңбек етті, ауыр физикалық еңбектен қорықпады. Олар төзімділік пен қайсарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Соғыс жылдарындағы әйелдердің еңбегі мен ерлігі – тек тарих емес, ол бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олар елдіктің, еңбектің және аналық жүректің шексіз мейірімін паш етті.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...