- Подробности
-
Категория: №12 (10332) от 20 марта 2018 года
-
Создано 20.03.2018 06:30
-
Просмотров: 3681
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Наталья Рудневаның, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Сагитовтың, жұмыспен қамту орталығы мен тұрғындардың қатысуымен республикалық «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күні» акциясы өтті.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жұмыссыз халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың аясында жеңілдік шағын несиелердің ең тиімді механизм болып табылатынын айтты. Бұл бастама мыңдаған адамдарға өзінің ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды десек артық айтқанымыз болмас. Әсіресе, ауылдық елді-мекендердегі кәсіпкерлікті дамыту үшін қажет бастама жайлы Наталья Руднева: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар оқыту жобаларын іске асырады. Соның нәтижесінде былтырғы«Бизнес кеңесші» жобасы бойынша оқыған тарандықтардың алпыс екі түлегі, яғни он алты пайызы осы жобаның шеңберінде шағын несие алды. Ауданымызда екі жылдың ішінде шағын несиелік ұйымда он жоба алпыс сегіз миллионнан астам теңгеге, ал 2017 жылы аудандық филиалдың қолдауымен жиырма тоғыз жоба 106 млн. 338 мың 920 теңгеге қаржыландырылды. Сонымен қатар, сіздердің назарларыңызды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының тағы да бір «Бастау Бизнес» оқыту жобасына аударғым келеді», - дей келе, осы жобаның оң нәтижелеріне тоқталып, егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Айта кету керек, оқу наурыздың 16-сы күні басталады. «Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінің төртінші «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы ерекше қарқынмен қолға алынғанын, бұл бағытта қыруар жұмыс атқарылатындығын ескере отырып, ағымдағы және келесі жылдарда арнайы оқудан өтетін тұлғалардың өздерінің бизнес-ойларын жүзеге асыру мүмкіндігі көбірек болатыны хақ.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен кездесуде арнайы шақырылған қонақтар да «2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері тұрғысында өз ойларын ортаға салып, әңгіменің арқауы болған төртінші бастама төңірегінде өзара диалог құрды.