- Подробности
-
Категория: №12 (10332) от 20 марта 2018 года
-
Создано 20.03.2018 06:32
-
Просмотров: 3815
Елбасымыздың Жолдауы бойынша тұщымды ақпарат беріп, көтерілген мәселелерді тобылдықтарға жеткізу үшін облыстық ақпараттық-насихат тобының өкілдері ауданымызға арнайы келді. Тобыл орта мектебі қабырғасында өткен аталмыш кездесуде алғаш сөз алған облыстық мәслихат депутаты және депутаттық фракция мүшесі Айнаш Даданова тұрғындарды қонақтармен таныстырған соң, сөз кезегін «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Қостанай облысы филиалының директоры Андрей Горватқа (фотосуретте) берді.
Ол Республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарды жобалау, құру, жөндеу, күту бойынша ұлттық оператор болып табылатын акционерлік қоғамның қорытындысына шолу жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды, біржылдық жоспарды тілге тиек етті. Тұрғындар тарапынан қойылған өз саласына қатысты сауалдарға жауап бере отырып, салыстырмалы түрде бүгінгі жетістіктерді, тәуелсіздік алғаннан бері үкіметтің қолдауымен қолға алынған ауқымды жұмыстарды атап өтті.
Тұқым өсіру шаруашылығы және тұқым өсіру шаруашылығы бойынша мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Рахат Сейдахметов (фотосуретте) облыс бойынша агроөнеркәсіп кешеніне қатысты ақпаратты ұсынып, нақты сандарға, көрсеткіштерге және ресми мәліметтерге тоқталды. Кездесуді қорытындылаған Айнаш Даданова қарапайым халық түсінерліктей, мысал келтіре отырып, Президенттің «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуі жайлы айтып өтті.