Наурыз мейрамын шығыс әлемінің барлығы дерлік ерте дәуірден бастап тойлап келеді. Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар ауданымыздың ауылдық округтерінде, соның ішінде Набережный өңірінде де өтті.
Елизаветинка ауылының тұрғындары ауа райы қолайсыз болғандықтан, жаңа жылды қарсы алу үшін жергілікті мәдениет үйінде жиналды. «Набережный ауылдық округі – шағын ғана шаттық шаңырағы десек болады. Мұндағы көпұлтты халық бір үйдің баласындай тату-тәтті. Бұл күні осы жұрт мәре-сәре күй кешіп, бір-бірін жыл басымен құттықтап жатты. Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараны ауыл әкімі Талғат Түйтебаев ашты. Ол тұрғындарды осынау айтулы мейраммен құттықтап: «Наурыз – ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық ұмытылатын, жақсыға қарай бет бұратын күн. Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, тағы да басқа ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор. Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, дәстүрімізді дәріптеп, ізгілік пен мейірімділікке, бейбітшілікке бастайтын Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!» – деген жылы лебізін білдірді», - дейді ауыл мектебінің мұғалімі Қуаныш Есқабыл. Оның айтуынша, одан кейін кезек концерттік бағдарламаға берілді. Ауылдың жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілері думанды тойдың көркін келтірді. Мерекелік шара соңында ауылдықтар Наурызкөжеден дәм татып, үйлеріне қимай тарқасты.
Ал, Набережный орта мектебінде көпшіліктің көңілінен шыққан «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» іс-шарасы өтті. Оқу мекемесінің директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлзира Құлбазарованың мәліметіне сүйенсек, бұл күні білім ордасының мәжіліс залында ине шаншар орын болмады. Салтанатты шараның басында ұстаздар, оқушылар мен ата-аналарды Наурыз мерекесімен мектеп директоры Аманжол Баянбаев құттықтады. Одан кейін Бейімбет, Ахмет, Абай, Мұқағали, Ыбырай ауылдарына бөлінген сыныптар 4 кезең бойынша өзара бақ сынасты.
Алдымен, олар өз ауылдарын таныстырып, атауы туралы кеңінен мағлұмат берді. Екінші кезеңде ауылдар тұсаукесер, қыз ұзату, сәбиді бесікке бөлеу, беташар, сыңсу сияқты дәстүрлерді дәріптеді. Үшінші кезең ұлттық спорт ойындарына арналды. Көрермендер оқушылардың арқан тартысын, асық ойынын, қол күресін тамашалап, ерекше әсер алды. Шешуші кезеңде жастар ән-биден шашу шашып, қара жорғаны топ болып биледі. Мерекелік іс-шараның қорытындысы бойынша барлық ауыл өкілдеріне арнайы аталымдар мен алғыс хаттар табысталды.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...