- Подробности
-
Категория: №13 (10333) от 29 марта 2018 года
-
Создано 29.03.2018 06:23
-
Просмотров: 3436
Оқырман қауым, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің жарияланғанын білетін боларсыз. Осы орайда, біздің өміріміздің барлық салаларында жүргізіліп жатқан жаңғыртулардың жалғасы болып табылатын бастамаларды халық арасында насихаттау,түсіндіру үшін ауданымызда ауқымды жұмыс атқарылуда.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысының аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанна Калимова Елизаветинка ауылының тұрғындарымен кездесті. Негізінен халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған бұл құжат - еліміздің дамуындағы маңызды да, парасатты қадам. Сондықтан, қарапайым халық арасында әлеуметтік бастамалардың өзектілігі мен негізгі идеясына түсіндірме беру өте маңызды.
«...Бүгінгі күні отбасылардың көбісі баспанасыз жүр. Аталмыш мәселені шешу үшін Елбасы бірінші бастамада осыған назар аударуда. Яғни, «7-20-25» бағдарламасын ұсынып отыр», - дей келе, Жанна Калимова жұмыс істейтін әрбір қазақстандыққа несие беру шарттарына тоқталды. Сонымен қатар, ол «жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» және «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бастамаларына шолу жасап, түйінді мәселелердің шешіліп, студенттері бар отбасылардың әлеуметтік көңіл-күйінің көтерілетінін тілге тиек етті. «Шағын несие беруді көбейту», «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бастамаларына түсінік бере отырып, мысал ретінде өңіріміздегі осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы да айтып өтті. Құрметті жерлестер, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы белгіленген кестеге сәйкес барлық елді-мекендерде Президенттің әлеуметтік бес бастамасын түсіндіру жолындағы жұмыс одан әрі мейлінше тыңғылықты жалғасады. Бірақ, ең бастысы, мұның барлығы да халық игілігі үшін жасалып жатқанын ескерсеңіз дейміз.
Набережный ауылдық округінде өткен жиында ауданымыздың бас имамы Ислам Хамзин де болды. Ол да халық арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатымен үнемі ауыл-ауылға барып, түрлі тақырыпта түсіндірме жұмысын жүргізіп отырады. Бұл жолы имам жат ағымдар өкілдерінің сауаты аз адамдарды, әсіресе, жастарды өз қармақтарына қалай түсіретіндігін айтып, соның алдын алып, қашан да мұқият болуға шақырды. Айтпақшы, кездесудің соңында тұрғындардың қойылған сұрақтарына да жауап берді.