- Подробности
-
Категория: №14 (10334) от 5 апреля 2018 года
-
Создано 05.04.2018 06:43
-
Просмотров: 4389
Бейсенбі күні аудан әкімі Қуандық Испергеновтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті. Аталмыш екі жиынның күн тәртібінен қандай мәселелер түспей тұр?
«Өзіміздің жоспарларымызға, сондай-ақ, ІІД-нің жедел жиналыстарының шешімдеріне, тапсырмаларына сәйкес аудан аумағында құқық қорғау қызметінің барлық бағыттары бойынша жедел-алдын алу іс-шаралар, бірінші кезекте қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ескертуге және құқыққа қайшы өмір салтын ұстанатын тұлғалар арасында әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға бағытталған бірқатар шаралар жүргізілді. Аталмыш жедел-алдын алу іс-шаралары барлық елді-мекендерде қамтылған», - дей келе, баяндамасын нақты сандармен, көрсеткіштермен толықтырған АІІб-нің жергілікті полиция қызметінің басшысы Аманжол Байзаков жұртшылықтың құқық бұзушылықтың алдын алудағы және қоғамдық тәртіпті сақтаудағы белсенділігі, әрі қоғамдық тәртіп сақтауға қатысатын азаматтарды ынталандыруға арналған қаражаттың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету туралы да айтып өтті. Қазіргі таңда алты адамды ынталандыру үшін қажетті құжаттар да дайын көрінеді. Мемлекеттік органдардың кәмелет жасқа толмағандарға қатысты зорлық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша қабылданатын шараларына да жергілікті полиция басшысы ғана емес, білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева да тоқталды. «Отбасыларда балаларға қатігездік көрсету фактілері анықталған жоқ, бірақ ата-аналардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамау фактілері бар», - деді ол.
Күн тәртібіндегі 2017 жылы ауданымыздың жергілікті атқарушы органдарындағы анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданған іс-шаралар жөнінде алғашқы болып аудан әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Гаухар Шұңғырбаева баяндады. Оның мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша пара алған, лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланған, бюджеттің қаражатын қымқырған және алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметтердің саны да аз емес екен. Осы тақырыптың аясында Аманжол Байзаков та, Май ауылдық округінің әкімі Сергей Ендоренко да жемқорлыққа жол бермеу мақсатымен жүргізген іс-шаралары бойынша кеңінен ақпарат берді.