- Подробности
-
Категория: №14 (10334) от 5 апреля 2018 года
-
Создано 05.04.2018 07:00
-
Просмотров: 4726
Қазақстанда зейнет жасына жеткеннен кейін ғана еңбек шартын бұзу туралы ескерту жіберіледі. Бұл туралы Сенатта тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еңбек кодексіне зейнеткерлік жасқа жетуі себебі бойынша еңбек шартын бұзу бөлігіне өзгерістер енгізілуде. Осының алдындағы нормада адамның зейнет жасына жетуіне дейін бір ай бұрын шартты бұзу туралы хабарландыру ескерілген. Енді қазіргі өзгерісте зейнеткерлікке шығу датасынан кейін бір айдың ішінде еңбек шарты бұзылатындығы жөнінде хабар беріледі», – деді С. Жақыпова. Оның сөзіне қарағанда, бұл қадам этикалық түсініктер аясында жасалып отыр.
«Бұл ретте қосымша мерзімді неге беріп отырмыз? Мысалы, зейнет жасына жеткенге дейін қызметте қажет еместігіңіз туралы және жұмыс орнын босатуыңыз керектігі жайында ескертіп жатса, бұл өз кезегінде адамның көңілін түсіреді. Сондықтан да, этикалық тұрғыда ойластыра келе, осындай қадам жасамақпыз. Яғни, адам еш уайымсыз өзінің заңды зейнет жасына дейін жұмысын істеуі керек. Осы датадан кейін жұмыс беруші еңбек шартын бұзу жөніндегі ескертуді жіберуді қарастыра алады», – деп түсіндірді вице-министр.
Зейнеткерлік жастағы мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттік мерзімі ұзартыла ма? Аудан әкімі аппаратының кадрлар бөлімінің басшысы Ержан Ақпанбетовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс беруші зейнет жасына жеткен мемлекеттік қызметкерлермен еңбек шартын бір жылға ғана ұзартуға, мемлекеттік емес қызметкерлерге жыл сайын қосымша мерзім беруге құқылы екен.