- Подробности
-
Категория: №15 (10335) от 12 апреля 2018 года
-
Создано 11.04.2018 15:13
-
Просмотров: 4465
Мен Таран ауданында 1990 жылдан тұрып келемін, яғни 28 жыл аудандық газеттің оқырманымын. Сол кездегі аудан әкімі Қ.І.Ақсақаловтың өтінішімен мамандығым физик-математик болса да, екі жыл аудандық газетте редакторлық қызмет атқарғаным бар.
Ол кезде қазіргідей штат болған жоқ, әрине, редактор, есепші, бір тілші, кейін жүргізуші болды, еден жуатын да адам болған емес. Ольга Антоновна Ли жүктілік демалыста отырған Май ауылында тұратын аудандағы жалғыз журналистік білімі бар кісі еді, қайта-қайта барып: «екі сағатқа ғана жұмысқа шығыңыз», - деп, әйтеуір, көндіріп едім. Кейін ол редактор болды.
Интернет жоқ, апта сайын материалды Қостанайға типографияға автокөлікпен апаратынбыз, төрт бұрышты компьютерлік дискетте. Қостанай типографиясына жалғыз мен емес барлық аудандар әкеледі, кейде кезекте тұрып қаламыз, сол типографияда қонып қалған күндеріміз де болған, азанмен газетті бірге алып қайтатынбыз. Редакция бюджеті өте аз еді, тираж да аз болды, барған жерден ЖШС, ЖҚ басшыларынан бензин сұрап жүретінбіз. Әлі есімде сол кезде редакцияның тозығы жеткен көлігін жөндеуге Әділет ЖШС басшысы Б.Қ.Өтеулин, Б.Майлин ЖШС басшысы В.С.Бушкин көмектесіп еді. Редакция үйінің жылуына көмір алу үшін Тобыл кентіндегі «Грань К» ЖШС барып, «бірінші бетке шығарамын көмір берсеңіз» деп, күн көрістің қамын ойлаған кездер де болды, оның несін жасырамын.
Газет ұжымына айтарым, ауданның айнасы болып, өркендей берсін, тек жағымды жаңалықтармен оқырмандарын қуанта берсін, ұжымға тек шығармашылық табыс тілеймін.